Алматыда салафит жігіт мүгедек әйелдің ақшасын ұрлап кетті
2019 ж. 22 мамыр
3126
1
[caption id="attachment_100135" align="aligncenter" width="587"] Фото: Euronews[/caption]
"Салафизм" ағымының жетегінде жүрген жігіт Алматыда ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ол екінші топтағы мүгедек әйелдің 1 миллион 300 мың теңгесін ұрлап алған.
– Ол Ц. есімді әйелді "саған үйленемін" деп алдаған. Ал өзі басқа әйелмен діни некеде тұрған. Сеніміне әбден кіріп алып, сосын ақшасын ұрлап қашып кеткен. Тергеу барысында алаяқтың ұрланған ақшаның бір бөлігін өзінің сыбайласына бергені анықталды. Қалған ақшаны өз қажетіне жаратып тастаған, – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдікті сотқа дейін қамауға алынды. Жәбірленген әйелдің айтуынша, әлгі жігіт кәдімгі, Қазақстанда жиі кездесетін "салафиттердің" бірі.