Ақмола облысында 15 жастағы оқушы эстафеталық ойын кезінде мерт болды
2019 ж. 21 мамыр
2335
0
Ақмола облысында полиция 15 жастағы жасөспірімнің өлімін тексеріп жатыр, - дп жазды stan.kz.
17 мамырда "Звезды" балалар сауықтыру орталығының "Алау" өңірлік әскери-спорттық ойын алаңында оқушы есінен танды.
Ақмола облысының білім басқармасының хабарлауынша, бұл оқиға эстафеталық ойын кезінде орын алған. Маусымның 6-сы күні 16 жасқа толған 9 сынып оқушысы мәреге жетпей мертігіп қалды.
Балаға облыстық емдеу-профилактикалық емхананынң дәрігерлері медициналық көмек көрсетті. Содан кейін ол аудандық ауруханаға жеткізілді. Оқушы ауруханада есін жимастан көз жұмды.
Қазіргі таңда полиция тергеу жүргізіп жатыр.