Ат мінемін деп басы дауға қалған Аян Дүйсенбаев қызметінен босатылды

0
2408

Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсенбаев ат мініп, желіні шулатқаннан кейін қызметінен босатылды, – деп хабарлайды sputniknews.kz.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі хабарлағандай, президент әкімшілігімен келісілген бұйрыққа ішкі істер министрі қол қойған.

«Аян Дүйсенбаев қызметтік этиканы бұзғаны үшін Атырау облысы полиция департаменті бастығы қызметінен босатылды», – деп атап өтті баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Атырау облысының полиция бастығы Аян Дүйсенбаев өзіне сыйға берілген атқа мініп жатқан видео әлеуметтік желіде тараған соң қызметтік тексеріс басталған еді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз