6-желтоқсан күні «31 телеарна» тілшісінің койған сұрағына Сырткы істер министрі Ерлан Ыдырысов ұлтаралық қатынас тілінде ұзағынан көсілді. Министрді зорға тоқтатқан тілші: "Осы сөздеріңізді қазақша айтып беріңізші" деуі мұң екен, Е.Ыдырысов: қазақша сөйлеуге уакытым жоқ деп кілт бұрылып кетті.
Сұрақ туындайды:
- Сонда калай, мемлекетіміздің білдей бір министрі мемлекеттік тілді менсінбей, сөйлегісі келмесе немесе сөйлей алмаса, онда ол тіл кімге керек?
- Әлде министрдің әкесі, ҚазМУ-де талай талантты қазақ журналистерін тәрбиелеген профессор, журналист- ғалым өз ұлына келгенде дәрменсіздік көрсеткен бе?
ҰСЫНЫС немесе ӘЛСІЗ ҮМІТ
Бәлкім, Мемлекеттік тіл туралы, Баспасөз туралы және т.б. зандарды, Конституцияны бұзған министрін кейінгі кезде ана тіліңде тәп-төуір сөйлеп жүрген Үкімет басшысы әрі Ыдырысовтың тікелей тәлімгері Қ.Тоқаев мырза тәртіпке шақырар... Елбасы қашанғы айтады...
Түйін:
Бізді бәрінен де таңқалдырғаны ана тілінде айтудан бас тартқан, бәлкім айта алмаған министрдің жүзінен ұялудың, кысылып-қымтырылудың ешбір белгісі байқалмады. Қайта менсінбей, мырс етіп күліп кеткен сияқты.
1. Кімге? Ана тіліне ме, жоқ өз ұлтына ма?
- Құрметті В.Храпуновты құдайындай сыйлайтын қазақтарды енді түсіндім.
- Үміт күткен Үкіметіміздің мүшесі мұндай болса Масановтарға өкпелеудің жөні жоқ шығар...
4.Ана тілін сыйламаған миинстрді мен де (және басқалар ) сыйламауға міндеттімін.
Қазыбек ИСА
№10, 8-14-желтоқсан, жұма, 2000 жыл.
qazaquni.kz