Кенжехан ТӨЛЕБАЕВ: МЫРЗАШӨЛІМ ДАРЫНҒА МЫРЗА ДӘЙІМ...
2011 ж. 07 маусым
4215
0
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының әкімі
Кенжехан ТӨЛЕБАЕВ:
МЫРЗАШӨЛІМ ДАРЫНҒА МЫРЗА ДӘЙІМ...
– Облыс бойынша өтіп жатқан "Туған жерге тағзым" акциясы, міне, Мақтаралда да дүрілдеп етті. Ұрпақтар кездесуін ұйымдастырғандағы негізгі мақсаттарыңыз орындалды ма? Әңгімемізді осыдан бастасақ.
– Бүгінгі ұрпақтар басқосуының жөні де бөлек, жолы да бөлек деп айтар едім. Өйткені Елбасы өзі атап көрсеткендей бұл акция ғасырлар бойы аңсап күткен Тәуелсіздігіміздің 10 жыл толу мерекесі аясында өтіп отыр. Сондықтан да бұл тарихи кездесу деп отырмыз. Екіншіден, бүгінгі акцияның "Туған жерге тағзым" деп аталуының өзі тегін емес. Өйткені туған жер деген қасиетті ұғым. Біз сіздерді туған жердің түлектері деп іздесек, Сіздер алыстан туған жерге қарлығаштай қанат қағып жеттіңіздер. Туған ауылды түлету үшін, намысты жану үшін. атақ-абыройды ас- қақтату үшін осындай ұлттық сезім керек. Ал бұл түптеп келгенде баршамыздың байтақ Отанымыз – Қазақстан атты алып мемлекеттің құлаштап дамуына, қарқындап өсуіне, гүлденуіне қызмет етеді. Бәріңіз жақсы білесіздер терең тарихы бар біздің өлке сан ғасыр сырын ешкімге ашпай жатты. Оның бағын ашқан, байлығын тасытқан, берекесін келтірген Сіздер мен біздердің ата-бабаларымыз, аға-әпкелеріміз екенін бір сәт те естен шығаруға болмайды.
Бір сөзбен айтқанда, Мырзашөл өлкесі дүниеге тек қана ақ ұлпа мақтасымен ғана белгілі емес, ақжүрек азаматтарымен де кең мәшһүр болған. Олар бейбіт еңбекте де, ел қорғауда да ерліктің үлгісін көрсетіп, өз атын тарихқа алтын әріптермен жазып қалдырды. Бұл күндері анықталғандай ауданнан 10 Кеңес Одағының Батыры шықты. Олардың кейбірі кейін басқа жаққа жұмыс бабымен ауысқанымен кеудесінде өскен жері Мақтаралға деген ыстық ықыласы қалып қойды. Мәселен, осындай батыр ағаларымыздың бірі Абылай Әлімбетов Мәскеуде жүріп көз жұмарда:
– Мені Кировке апарып жерлеңдер, – деп ақтық сөзін өскен жеріне текке арнамаған. Ағамыздың асыл сүйегі қазір Асықата кентіндегі саябақта жатыр. Ал Тоғанбай Қауымбаев ағамыз кейінгі ұрпаққа тәрбиелік әңгімесін айтып ерлікке баулып келеді. Ал енді отыздан астам Еңбек Ері ағаларымыз бен апаларымыз Мақтааралдың даңкын шығарған, ырысын тасытқан биік тұлға болып тарихқа аты мәңгі жазылды.
– Мырзашөл өлкесі дарынды перзенттерге де бай емес пе?
– "Аймаңдайлы ақын да, ғалым да бар, Мырзашөлім дарынға мырза дәйім", – деп ақын айтқандай бұл өңірден елге әйгілі жүздеген таланттар шықты. Осы Мырзашөлден шығып, Қазақстан Жазушылар Одағы сияқты үлкен шаңырақты ондаған жыл басқарған, қазір дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары, мемлекет жоне қоғам қайраткері, қаламгер Қалдарбек Найманбаев ағаны исі қазақ мақтаныш етсе керек. Қазақ әдебиетінде өзіндік үлесі бар Сабырхан Асанов, Еркінбай Әкімқұлов, Исраил Сапарбаев, сонау Жетісуда Апматы облыстық газетінің Бас редакторы болған журналист Мамадияр Жақып, тағьт басқаларын коптеп атауга болады. Ал қазак музыкасына ерекше үлес косқан талантты композитор Мыңжасар Маңғытаев пен сахна серісі, Қазакстанның халық артисі Төрегелді Қыстаубаев туралы қалай айтсақ та жарасады. Өздерінің сырлы да сазды әндерімен баурап алған Бақыт Шадаева, Гаухар Әлімбекова сияқты қарындастарымыздың есімі еліміздің түкпір-түкпіріне танымал болды. Орайы келгенде айта кетейін. Көрнекті ақын-сазгер Исраил Сапарбаевты арнайы шақырып 60 жылдық мерейтойын осы акция аясында дүрілдетіп өткізгенімізге өзіңіз куә болдыңыз.
Қазақстанның үлкен ғылымында өзіндік талантымен таңбаланған ғалым ағаларымыз біздің мақтаныштарымыз болып табылады. Республикамыздың Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Мәлік Әсілбеков, профессорлар, ғылым докторлары Жақанша Мырзалиев, Тастан Атақұлов, С. Жатаев, Н.Әлиев, С.Жайлауов, Р.Ділбарханов, Ж.Жұмаділов, Б.Керімбеков секілді ірі ғалымдар біздің түлектеріміз деп мақтанамыз.
Ал енді басқа салаларда жүрген талантты ұйымдастырушы, дарынды басшы атанған азаматтарымыз қаншама. Кезінде сонау Қырғыстан мемлекетінде облыс басқарған, Республикалық дәрежеде аса жауапты қызметтерде болған Қолдасов Жантөре ағамыз осы жердің түлегі. Ал Өзбекстан Республикасының білікті мамандары атанған Еңбек Ері Қынабек Үкібаев. Сәрсенбай Есімов. Өзбекстан Республнкасының Парламентіне бірнеше дүркін депутат болып, көрші Мырзашөл ауданын ширек ғасыр басқарған Бегім Серіков ағалар туралы әңгіме өзгеше.
Бүгінде Оңтүстік Қазакстан облысын басқарып отырған Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың балалық балғын шағы осы Мақтааралда өткен, осында тәрбие алған. Көңіл көзі оянғаны сөзсіз. Ол кісінің өзі айтқандай Мырзашөл топырағынан нәр алып, асқар биігін армандаған жас ұланның Алғабас пен Славян арасында қаншама рет жаяу жүріп ізі калған. Қиялына қанат бітірген, Мақтааралдың кәусар ауасы, қасиетті жері екенін Бекең әрдайым толкып, толғанып ризалық сезіммен айтып отырады. Осындай мәні терең, шарапатты шараға ұйыткы болған облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы озі оқыған мектепте болып, екі класқа жаңа парта, бір компьютер класын және оз қаржысынан 100 мың теңге сыйлық беріп, жеке кітапханасынан кітаптар тапсырды (Облыс әкімі Төлеби ауданы Ұйымшыл ауылындағы орта мектепке де екі компьютерлік класс кешенін, 60 парта және жеке кітапханасынан кітаптар сыйлады. Қ.И.)
Біздің жерімізді Жиделі-Байсын деп атайтыны белгілі. Бүкіл түркінің каһарманы, аңызға айналған батыр Алпамыс бабамыздың өткен жылы мың жылдығын ерекше атап өттік. Бабамыздың ұрпағы Мұхтархан Ділдәбеков дәл сол жылы дүниежүзін дүр сілкіндіріп Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері атаңды. Қазір соның үлгісін алып, үрдісін жалғастыру үшін ауданымызда жас боксшылар мектебі ашылып, жастарды тәрбиелеп жатырмыз. Жерлестеріміздің туған жері, өскен елін түлетуге өз үлесін қосып, Мақтаралды үлгілі аудан дәрежесіне көтеруге септігін тигізетініне сенеміз. Шыңғыс Айтматов айтқандай "Жер шарының қай ендігі, экватордың қай белдеуінде жүрсең де қайта соғар, сағыны- шыңды басар темірқазығың – Туған жер атты ұғым біреу. Сонымен ру- хани байланысыңды үзбесең ғана, айдарыңан жел еспек. Өйткені өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмақ емес". Немесе мұзбалақ ақын Мұқағалидың жерлесіміз, саңлақ ақын Сабырхан Асановқа арнаған бір өлеңінде:
Қызылқұмда ізіміз қалар ма екен,
Іздеген жан біздерді табар ма екен.
Қасиеттеп, қадірлеп, жерімізді,
Қалдырайық, басайық мөрімізді.
Әуестемей әлдекім салған ізді,
Өзімізіше сызайық таңбамызды, – деген еді.
Біз де жерлестерімізге жер төсінде мәңгілік ізі мен қолтаңбасы қалсын деген үкілі үмітті тірек етіп үндеу тастадық.
– Өзбекстанмен шекаралас жатқан ауданның өзіндік өзгешелігі көп. Бұрынғы үш аудан – қазіргі еліміздегі ең ірі Мақтаарал ауданының тарихы және бүгінгі келбеті жөнінде қысқаша айтып өтсеңіз?
– Мырзашөлде орналасқан Мақтаарал – мүмкіндіктері мол аудан. Бір кезде Мырзашөл тарихына риза болған ұлыларымыз жақсы баға берген. Түркия Республикасының Президенті Сүлеймен Демирель "Мырзашөл құрылысы" естеліктер кітабына: "Мырзашөлдің Қызылқұммен ұштасып жатқан жері Сырдария суымен қоректендіріліп, бай жайнаған өлкеге айналып жатқаны мені ерекше бір сезімге бөледі" деп жазса, заманымыздың заңғар жазу- шысы Мұхтар Әуезов: «...Ильич, Киров, Мақтаарал аудандары мәні-жөні бөлек, шөлді шүлен еткен, жоқты бар, болмысымызды мол еткен біріне бірі сай, ырыс өлкелері» деген. Ал Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ауданның 70 жылдығына келгенде
– "Мырзашөл – Оңтүстік Қазақстанның жүрегі" деген теңеуі мақтааралдық әрбір азаматтың жүрегіне жылу отын құйып, мақтаныш сезіміне бөлейтіні сөзсіз.
– Біздің ауданымыздың географиялық орналасу жағдайына, халқының көптігі мен аса тығыздығына (1 шаршы шақырымға 139 адам), өндіретін өнімнің маңыздылығына байланысты Елбасы, Үкімет пен облыс әкімі тарапынан үнемі қолдау көріп келеді. Соның айқын дәлелдерінің бірі Славян өңірінде 9607 гектар жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында Дүниежүзілік банкі мен Үкімет каржысы есебінен 15 млн. долларға жүргізіліп жатқан жұмыстар, «Азия» даму банкісінің есебінен құны 55 млн. доллар болатын 32,5 мың гектар жерге жүргізілетін жұмыстар, сондай-ақ Республика тәуелсіздігінің 10 жылдығы қарсанында құрылысы, аяқталып, пайдалануға берілейін деп отырған Сырдария өзенінде салынып жаткан көпір. Саяси жоне экономикалык маңызы аса зор бұл құрылыстың ашылуына Елбасының өзінің қатысамын деген уәдесі бар.
Ауданда салық базасын түгендеу, салықтың толық және тиісті мерзімінде түсуін камтамасыз ету бағытында накты жұмыстар жүргі- зілуде. Нәтижеде салық жинаудың болжамдық жоспары ай сайын артығымен орындалуда. Мұның өзі коптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беруде. Бүгінгі таңда бюджіттік мекемелер кыз- меткерлерінің жалақысы, балалар жәрдемақысы, зейнетақысы және басқа да төлемдер бойынша берешек жоқ.
– Өзіңіз айтпақшы, ауданның атын шығарған ақжүрек азаматтарымен бірге алтынға баланып отырған ақұлпа мақтасы да екені мәлім...
– Иә, біздің ауданның тіршілік көзі де, байлығы да мақта өндірісі болып табылады. Бұл саладағы табысымыз жаман емес. Аудандағы бұрынғы 32 колхоз бен совхоздың 121 мың гектардан астам егістік жерлері ұжым мүшелері мен аудан тұрғындарына үлестіріліп, сол жерлерде бүгінгі таңда 13 мыңнан астам агроқұрылымдар (заңды және жеке тұлғалар, өндірістік кооперативтер мен шаруа шаруа шылықтары және т.б.) өнімді еңбек етуде.
– Барлық назар – басты дақыл – мақтаға ауған соң, оны өндіріп қана қоймай, өңдеуді де қолға алып жатқан шығарсыздар. Жердің құнарлылығын сақтап қалу үшін ауыспалы егісті жүйелі түрде қолдану кезек күттірмес мәселе емес пе?
– Иә, жасыратыны жоқ, мақта шаруашылығы соңғы кезде моно- дақылға айналып, оның үлесі күрт өсіп отыр. Алдағы уақытта шитті мақтаны өндіруді ұлғайтумен бірге оны терең өңдеуге бет бұруымыз керек. Бұл –қосымша табыс көзі. Яғни, мақтааралдықтардың жағдайын жақсартатын бір фактор деп білеміз. Мақтадан талшықты дайындап қана қоймай, жіп иіру, одан мата тоқитын өнеркәсіп орындарын салуымыз қажет. Бұған Үкімет тарапынан қаржы шығару қиындау болып тұр.
Мал шаруашылығы ата кәсібіміз болып табылады. Өкінішке орай, егістік жерлерге бірыңғай мақта егіліп, жемшөптік дақылдарға көңіл бөлінбейді. Енді бізге ауыспалы егісті дамытып, мал өнімдерін сапалы дайындауды және оны өңдейтін цехтарды іске қосуды қолға алатын уа- қыт жетгі. Бұл екі сала да ағын суға тікелей байланысты екені түсінікті. Бірақ соңғы жылдары бұл мәселе аудан мақташылары үшін үлкен қиын- дықтар туғызып жатыр. Бүған әрине өзіміздің ауданның түлегі әрі сенім артқан мәжіліс депутаты Мырза Кемелдің белсене араласуын сұрар едік және аудан халқы осы мәселеге ықпалын тигізеді деген сенімде екенін жеткізгім келеді.
– Көктемгі егіс науқаны қалай жүргізілді? Биыл су тапшылығы қай- таланбайды деп ойлайсыз ба?
– Көктемгі егісті сапалы өткізуге ерте бастан дайындық жасалды. 112 мың гектар сүдігерленіп, 110 мың гектар жердің тұзы шайылды. Аудан дихандарымен «Кетебай» өндірістік коопертивінің егіс даласында арнайы семинар-кеңес өткізілді.
Біз ағын суды Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан арқылы Тоқтағұл су қоймасынан аламыз. Қырғыз ағайындардың есебі бойынша, өткен жылға қарағанда биыл Тоқтағұлда 2 млрд. текше метр су кем. Бұл бізді ойландырып отыр.
– Әлеуметтік-мәдени және білім саласына қамқорлық жасалу дәрежесі кіиідай?
жасалып келеді. Егер білім сала- сына 1999 жылы 642,5 млн. 199! Жылы –897,4 млн. теңге қаржи жұмсалса, биыл 947,6 млн. тең қаржы бөлініп отыр. Мәдениет саласына да 1999 жылы 18 млн. теңге қаржы жұмсалса, биыл 19,6 млн. теңге бөлініп отыр.
Ауданда 112 мектеп бар. Оларда 6300 мұғалім 73,5 мыңдай оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беруде. Бүгінгі таңда 79 мектеп компьютерлендірілген, 6 мектеп интернет жүйесіне қосылған.
Өткен жылдан бастап мектептерді күрделі жөндеуден откізуге. оларға қосымша ғимараттар салуға, сынып парталары мен тақталар жасауға аудандық бюджеттен қаржы бөліне бастады. 2000 жылы бұл мақсаттар үшін 21,1 млн. теңге қаржы игерілді. Мұндай игі істер биылғы жылы да өзінің жалғасын табатын болады.
Мырзашөл өңірінде үлкен білім ордасы «Сырдария» университеті ғылым докторы, профессор Оңалбай Аяшевтің ұйымдастыруымен ашылған болатын. Бұл жыл сайын тек қана біздің емес, көрші Республикалардан да кан- дас азаматтарымыз білім алатын ордага айналып келе жатқаны қуантады. Биыл универсиет бас- шылары каладағы саябақтан жеті қабатты бас оқу корпусын салуды жоспарлап отыр. Бүл ғимарат қала көркіне көрік қосса екіншіден ұрпақтардың білім алуына да кең жол ашады деп ойлаймыз.
Несіне жасырамыз ауданымызда әлеуметтік сала бойынша бірқатар кемшіліктер де орын алған. Әсіресе соңғы жылдары ауыз су мәселесінің өзі де алаңдайтын жағдайға айналды. Өйткені су құбырлары алды жарты ғасыр, кейінгілері 30-40 жыл бұрын салынған. Ол су құбырлары тозды, көздері бітелді. Ауданда "Таза су" деген бағдарлама қабылданған. Соған орай Абай топтық су құбырын қалыпқа келтіруге аудандық бюджеттен 12 миллион теңге бөлдік. Бірақ бұл қаржы барлық проблеманың шешіп бере алмайды.
Қорыта айтқанда «Әрекет бар жерде – берекет бар дегендей» «жұмыла біліп, жүкті жеңілдетіп», қиындықтардан шыға аламыз деп үміттенеміз.
Қазыбек ИСА,
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Мақтаарал ауданы.
№22(33) 7 маусым, бейсенбі, 2011 жыл.