Ұлттық тәрбие ұлт ойыншықтарынан басталады
2019 ж. 15 тамыз
4207
0
"Қазақ үні кітапханасынан"
Әлі есімде ауылдан келген апам Алматыны аралауға шығып, немересіне дүкендерден қуыршақ сатып алмақшы болды. Бір-екі жерді айналып барып, іздегенімізді таптық. Бірақ, мен қуанғаныммен апамның құлқы жоқ:
─ Бұлардың бәрі қазақ емес қой, ─ деп қарап тұр...
Сонда барып селт ете қалдым. Анықтап қарасам, шынында сөрелерде самсаған қуыршақтардың бәрі шетелдердің өнімі екен. Атақты Барби бастаған алтын шашты, аспан көзді Иванушкалар мен Аленушкалар бірінен-бірі өтеді. Ойыншықтар да осындай: томпақ торай, қанден күшік, сүйкімсіз тышқан, бақырбас бақа және т.б. Бәрінің бағасы удай. Баланың ұлтттық тәрбиеге баулу ең алдымен ұлт ойыншықтары мен қуыршақтарынан басталатынын ұмытып кетіп жүргенімізді кеш те болса ұғынсақ болар еді...
Қ.Жарылқасынұлы.
2001 жыл.
qazaquni.kz