Шаймерден САТЫМБЕКОВ: АРЫС БОЙЫНДАҒЫ ЕЛ АЛЫСҚА ҚАРАЙДЫ
2019 ж. 15 тамыз
3166
0
"Қазақ үні" кітапханасынан
Шаймерден САТЫМБЕКОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының әкімі:
АРЫС БОЙЫНДАҒЫ ЕЛ АЛЫСҚА ҚАРАЙДЫ
– Әйгілі Шәмшінің әр қазақ білетін әдемі әніне арқау болған Арыс бойындағы қаланың ерекшелігі көп. Теміржолды өмір жолы деп ұққан қалалықтар мен егін егіп, мал баққан далалықтар қатар қалыптасқан ел туралы оқырмандарымыз толығырақ танысқысы келеді. – Арыс қаласының басты ерекшелігінің бірі оның экономикасының әртүрлі салалардан құралғандығы. Қала тарихының үлкен бір белесі сонау XX ғасырдың басында салынған Орынбор-Ташкент теміржолы тарихымен тығыз байланысты. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында үлкен аудан орталығы болған Арыс поселкелік типтегі қала еді. 1956 жылы 31 шілдеде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі төралқасының Жарлығымен қала статусын алды. Мінеки биыл Арыстың қала атанғанына 45 жыл толып отыр. Иә, Арыс дегенде ең алдымен тоғыз жолдың торабы деген ой оралады. Мұндай пікірді дұрыс деуге болады. Арыс кезінде бүкіл Кеңес Одағы бойынша, ал қазір Қазақстан бойынша үлкен теміржол торабының бірі. Мұнда ірі теміржол кәсіпорындары: Локомотив пайдалану депосы, Локомотив жөндеу депосы, вагон пайдалану депосы, "Вагон жөндеу депосы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Арыс стансасы, жол машина стансасы, байланыс дистанциясы, жол дистанциясы, "Шпалға май де алдымен Соцалистік Ец бек Ерлері: бұрынғы Қазақ теміржолы бастығының бірінші орынбасары болып істеген Сырлыбай Байжанов, Шымкент теміржол бөлімшесінің бастығы болып істегендер Көбжан Мүхамеджанов, Әуесхан Салықбаев, станса пойыз құрастырушысы зейнеткер Әбдуелі Балғынбековтердің есімін ауызға аламыз. Мінеки теміржол торабынан 4 Еңбек Ері шықса, қалада туып, өскен бесінші Еңбек Ері Боранбек Шүкірбеков кезінде бүкіл одаққа әйгілі Задария асыл тұқымды қой зауытының талай жыл директоры болып істеген. Бес Еңбек Ерімен қатар қаладагы №1 балалар үйінде тәрбиеленіп өскен 5 Кеңес Одағының Батыры да қалалықтар мақтанышы Бейсен Оңтаев. Иван Журба, Нағи Ілясов, Берген Исаханов, Садык Ысмаиловтар кешегі Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен Арыстың ақиықтары. Сонымен қатар Арыс тек қана Батырлар қаласы емес, мұнда еліміздің алғашқы Сыртқы істер министрі. Біріккен Ұлттар Ұйымында түңгыш сөйлеген қазақтың бірі, елші, акэдемик Төлеген Тәжібаев. сатира сардары, жазушы- драматург Садықбек Адамбеков, көрнекті жазушы, драматург Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков, А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Президенті, академик Мұрат Жұрынов, Қазақстан Республикасы халық артисі, әлемге әйгілі әнші Нұржамал Үсенбаевалар, тағы басқа да көптеген атақты кісілер шыққан қасиетті ел. Арыс каласы тек қана үлкен теміржол торабы ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіп, қүрылыс, ауыл шаруашылығы дамып жатқан қала. Ауыл шаруашылығының өзінде егін, мал шаруашылығы бар. Айта кеткен жөн, қала халқының саны 60 мыңнан астам, ал аумағы 60 мыңдай шаршы шақырымды алып жатыр. Арыс озенінен бастап, Сырдарияның жағасына дейін созылған. – Өткен жылдың қорытындысы туралы қысқаша айтып өтсеңіз? – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, өткен 2000 жылды ойдағыдай аяқтадық. Іс-қимыл жоспарында белгіленген шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасы жасалынды. Негізі мақсат өндіріс көлемін ұлғайтып, еңбекке жарамды тұрғындарды жұмыспен қамту болды. Шағын және орта кәсіп субъектілерінен мемлекеттік сатып алу үшін тендер ашық түрде ұйымдастырылып келеді. Барлық мекемелерге тауарлар алу үін тендер жарияланып, 35.млн. 44 мың теңгеге тауар алынды. Ауылда нағыз меншік иесін қалыптастыру, ауылшаруашылығының құрылымын және өңдеу саласын дамыту, ауылдық өндірушілерді қаржылай қолдауды ұйымдастыру шаралары жүргізілді. Агрокәсіптік Одақ және шаруа қожалықтары қауымдастығы "Астық" компаниясы, 3 машина трактор стансасы жұмыс істеуде. Суды тиімді пайдалану үшін "Қара су" тұтынушылар қауымдастығы, "Тұлпар" өндірістік кооперативтері бар. Тауар өндірушілерді қажетті химикаттармен қамтамасыз ету мақсатында "Өркен" ЖШС қызмет етуде. Ауыл диқандары жоғарыдан тікелей көмек нәтижесінде жанар-жағармайдан тапшылық көріп отырған жоқ... Инвестормен жұмыс жасалынды. Былтыр барлығы 61 млн. , оның 202 млн. 777 мың теңгесі негізінен ауыл шаруашылығына тартылды. Бұл іске "Витязь-1" ондірістік кооперативі, "САЖ и В" ЖШС, "Қазақстан- Мақта" корпорациясы, "Мақтаарал" акционерлік қоғамы, Жезқазған жөне қаладағы "Арасан" ондірістік кооперативі ат салысты. Біздегі ауыл шаруашылығы қуаншылық жерге орналасқанына қарамастан биыл да дүрыс өнім алу көзделіп отыр. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау, өңдеу, қабылдап, сатып алу мәселесі де шешіліп келеді."Арыс" тұтынушылар кооперативінің 9 дайындау пунктері, оның 6-ы ауылда жұмыс істеуде. Олар өнімдерді қолма қол ақша төлеп қабылдап алуда. Былтыр 2 млн 990 мыңның өнімін сатып алды, Еңбеккерлерге биыл да мақта, жүгері, темекі, картоп егу ұсынылуда. Бөлінген жерлерді түгендеу, олардың тиімді пайдалануын және салықты дұрыс төлеуін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Жер иелеріне беру аяқталды. Бұрынғы жылдары ауданға қарасты Байырқұм, Жиделі ауылдарының кейбір тұрғындары амалсыздан басқа жаққа барып, диханшылықпен айналысса, былтыр жағдай жасалуына байланысты ауыл тұрғындары оз елді мекендеріне егін екті. Бұзылған каналды жөндеуге бюджеттен 1 млн теңге бөлініп қалпына келтіріліп, егістік сумен қамтамасыз етілді. Кәсіпкерлікті қолдауға бюджеттен бөлінген қаржы тұқымдық, петицид, гербицид, техника керек жарақты алу үшін тікелей шаруа қожалықтарына, өндіріс кооперативтеріне, жеке кәсіпкерлерге берілді. Ал, биыл облыс әкімі Б Сапарбаевтың көмегімен 3,0 млн теңге бөлінбекші, сөйтіп канал күрделі жөндеуден өткізіледі. Осының нәтижесінде тек қана жергілікті тұрғындар емес, Өзбекстаннан 50 отбасы қандастарымыз жоғарыда аталған ауылдарға көшіп келіп, егіншілікпен айналысуда. — Өткенде "Ақшам" хабарынан көріп калдық, Арыстық оралмандардың атамекендегі кұлшынысы жоғары секілді. — Дұрыс айтасыз. Оларды "Жиделі" ауылына орналас- тырып 50 отбасыға 200 гектар суармалы жер бердік. "Тағы не керек, айтыңыздар?-деп едім, оралмандар бір ауыздан: "Бізге ең үлкен байлық—жер бердіңдер. Одан артық еш-нәрсе сұрамаймыз. Енді өзіміздің еңбегімізге байланысты бұйырғанын Отанға біз береміз – деді. Біз олардың олардың еңбексуйгіштігі мен жерді сәбидей мәпелеп, күтіп баптауына разы болып жатырмыз. Ауданда мал дәрігерлік қызметін жақсарту мақсатында Мемлекеттік мал дәрігерлік мекемесі заңды тұлға ретінде тіркеліп , жергілікті бюджет есебінен қаржыландырып жұмыс істеуде. Малдың өкпе және сары ауруларына қарсы бағдарлама жасалынып жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда қалада ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 9 диірмен, 10 шағын наубайхана, 4 нан зауыты, жүн қабылдап өңдейтін “Сейхун” акционерлік қоғамы жұмыс істейді. Бұрын тоқтап тұрған веттуарлары базасы негізінде “Адам” ЖШС темекі цехын іске қосты. Онда 50 ден астам адамға жаңа жұмыс орны ашылды. Қазақстан темір жолына қарасты жер асты суларын пайдаланатын минералды су құю цехы қайтадан жұмыс істеуі үшін әрекет жасалуда.- Әкімнің әлеуметтік жағдайға деген назарын білсек дейміз.