Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшақ билеті 6999 теңге тұрады
2019 ж. 03 сәуір
9783
0

Мұндай мүмкіндікті жаңадан ашылған FlyArystan әуе компаниясы ұсынып отыр, деп хабарлайды baq.kz.
"Бұл бағытта күніне екі рейс тұрақты ұшатын болады. Алғашқысы келесі айдың біріне жоспарланып отыр", - деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгін қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы Алматы - Нұр-Сұлтан бағытында билеттерді сатуға кірісті. Алғашқы әуелайнерінің ішіне 180 адам сыйып кетеді.