Қазақстандықтар төлқұжат пен жүргізуші куәлігі үшін қанша төлейтіні белгілі болды
2019 ж. 08 қаңтар
7723
0
Жаңа жылдан бастап АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты құжат жасату құны да біршама өзгерді. Биыл айлық есептік көрсеткіш өткен жылға қарағанда 120 теңгеге көбейіп, 2 525 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды sputniknews.kz.
Жеке куәлік пен төлқұжат құны қанша болады?
Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж сомасы 0,2 АЕК-ті құрайды. Бұл 505 теңге немесе 1,34 доллар.
Төлқұжат рәсімдеу үшін 8 АЕК, яғни 20 200 теңге (53,72 доллар) мөлшерінде мемлекеттік баж төлегеніңіз туралы түбіртек қажет. Астана, Алматы, Ақтөбе мен Шымкент тұрғындары қосымша ақы төлеп, төлқұжатты жеделдетілтен тәртіпте ала алады.
Ал жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу туралы куәліктің (техпаспорт) әрқайсысы 3157 теңге (8,40 доллар) тұрады.
Туу туралы куәлік пен неке қию туралы куәлікті қайта алу үшін 2 525 теңгеден (6,71 доллар) төлеу керек.
2019 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшері
Биыл ең төменгі жалақы 42 500 теңгені (113 доллар), ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 16 037 теңгені (42,65 доллар) құрады, деп нақтылады "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясынан.
Зейнетақының ең төменгі мөлшері — 36 108 теңге (96 доллар), ал базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 29 698 теңге (78,98 доллар).
Былтыр қараша айында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар мен ең төменгі жалақыны көбейтуді тапсырған еді.