Бұл туралы бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты.
«Жедел тыныс жолдарының вирустық инфекциясы мен тұмау ауруы қаңтар айының ортасынан бастап тарайды. Оған себеп – бұл кезде азаматтар шетелден оралып түрлі ауру белгілерін жұқтырып келеді. Бұл аурулар ауа арқылы тез жұғады», – дейді Бекшин баспасөз баяндамасында.
Орталық коммуникация қызметінің мәліметінше, бас санитар суық тию, тұмау белгілері байқалған науқастардан көпшілік жүретін жерлерге бармауға, маска киіп жүруге кеңес берді.