Ағылшын тілін тегін үйренуге мүмкіндік беретін қосымшалар
2018 ж. 11 шілде
24539
49
Қазір тіл үйренемін деген адамға мүмкіндік көп. Қалада қаптаған курстар, интернетте түрлі сайттар мен видеолар бар. Әсіресе, ағылшын тілін жетілдіруге арналған пайдалы әрі тегін онлайн курстар мен сайттар баршылық, деп хабарлайды qamshy.kz.
- https://writeandimprove.com/. Бұл - ағылшын тілінде қатесіз жазуды үйрететін және ағылшын грамматикасын терең түсінуге таптырмайтын сайт. Себебі қателікті көзге шұқып көрсетіп береді. Оның дұрыс нұсқасын ұсынады. Сонымен қатар жазғаныңызға қарай ағылшын тілінде жазу қабілетіңіз қандай деңгейде екенін көрсетеді.
- Http://www.bbc.co.uk/learningenglish/. Бұл сайт сөздік қорыңызды толықтыруға тамаша мүмкіндік береді. Арнайы жаңа сөздерді мәтін немесе видео арқылы үйретеді. Оның дыбысталуын және қалай қолдану керегін түсіндіреді. Бұған қоса, ағылшын тіліндегі сөйлемдерді тыңдап және оны түсіну қабілетіңізді жетілдіру үшін аудио, видео дәрістер бар.
- https://dictionary.cambridge.org/dictionary/english-russian/. Ағылшынша сөздерді сапалы әрі нақты аударып береді. Ағылшын тілінің оқытушылары аударма үшін дәл осы сайтты қолдануға кеңес береді. Себебі интернет кеңістігінде аудармаға арналған сайттар мен қосымшалар баршылық, алайда сапалысы аз.
- http://ww3.idoceonline.com/. Бұл сайтта да өзіңізге бейтаныс сөздің мағынасын іздеп көре аласыз. Оның артықшылығы - кез келген сөзді іздесеңіз, оны қалай етістікке немесе зат есімге айналдыруға болатынын көрсетеді. Бір сөзді түрлі нұсқада ұсынады.
- https://www.newsinlevels.com/. Өзіңізді қызықтыратын тақырыпты таңдап, соған қатысты мәтінді оқи отырып, жаңа сөздерді үйренесіз. Мәтінді тілді білу деңгейіңізге қарай таңдай аласыз. Сөздерге ағылшын тілінде түсіндірме береді. Бұл тілді жақсы меңгеруге және жаңа сөздерді үйренуге ыңғайлы.
- https://listen-and-write.com/. Ағылшын тілінде видео дәрістерді көріп, оны сайтта тікелей жазып отыра аласыз. Жазбаңызда қате кетсе бірден ескертіп отырады.
- https://www.bbc.com/news, https://www.aljazeera.com/, https://www.youtube.com/user/TEDxTalks. Ағылшын тілінің оқытушылары тілді жетік меңгеру үшін аптасына үш күн курсқа барудан бөлек сол тілде күнделікті видео көріп, аудио тыңдауға, қысқа болса да өзіңізді қызықтыратын тақырыпта мақала оқуға кеңес береді. Оған жоғарыда көрсетілген сайттар көмектесе алады. Күнделікті 15-20 минутыңызды қиып жаңалықтарды ағылшын тілінде тыңдасаңыз нәтижесі көп күттірмейді.
- https://learnenglish.britishcouncil.org/en/skills. Бұл сайтта тақырыптарды сұрыптап, оған қатысты сөздерді жинақтаған. Бүгін саяхатқа қатысты сөздерді меңгерсеңіз, келесі видеодан бала, отбасыға қатысты сөздерді білесіз.
- https://www.futurelearn.com/. Бұл сайтта тегін онлайн курс оқи аласыз. Бұл курс әсіресе оқытушыларға пайдалы.
- http://ww1.howsjay.com/ сайтында грамматикаға басымдық береді. Кәсіби ағылшын тілі, жалпы ағылшын тілі деп сұрыпталған. Сонымен қатар емтиханға да онлайн дайындалуға болады. Оның ішінде IELTS-қа қажетті материалмен таныса аласыз.
- http://www.manythings.org. Бұл сайтта оқу, тыңдау, сөздік қорды толықтыру бойынша курстар бөлек берілген. Әсіресе кішкентай балаларға тіл үйретуге ыңғайлы. Себебі ішінде ойын түрінде жаңа сөздерді үйретеді. Курстың қорытындылайтын ойындар бар. Ол миға да қонымды әрі қызықты.
- http://a4esl.org/ сайтында грамматиканы меңгеріп, жаңа сөздермен таныса аласыз. Ағылшын тілін енді оқып жүргендерге де ыңғайлы. Себебі грамматика мен сөздер оңай, қиын және өте қиын деңгейлері бойынша сұрыпталған.