Бүгінде доллар бағамы бір көтеріліп, бір түсіп отыр. Теңгенің әлсіреуі халықтың ойын сан саққа жүгіртіп қана қоймай, қаржысын қандай валютада сақтау керектігі туралы ойландырып тастады. Осы ретте, сарапшылар халық өз жинағын баяғыша түрлі валютада сақтағаны жөн деп отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда алдағы уақытта доллар қанша тұрады?
2018 ж. 26 сәуір
6386
0
Тәуелсіз сарапшылардың пайымынша, алдағы жақын айларда бір доллар бағамы 328 және 338 теңге аралығында болады. Мәселен, TeleTrade компаниясының қаржы консультанты Мария Сальникова бұл болжамды растап отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
«Өз басым алдағы жақын айларда бір доллар бағамы 328 және 338 теңге аралығында болады деген ойдамын . Біз күрт девальвацияны күтіп отырған жоқпыз. Әзірге сыртқы әсерлерге қарамастан бастысы тұрақтылық.
Жақын үш айда бағамға маусымдық факторлар әсер ететін болады. Мамырдағы мейрамдар мен еңбек демалыстарының әсерінен доллар 315 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін. Бұл теңге үшін максималды баға болса, минималды баға 344 болады.
Жалпы, Қазақстанның төл теңгесі АҚШ-тан келген жаңалықтың кесірінен осылайша қатты құлдырауы мүмкін. Жақын арада Штаттар пайыздық үстемақыны жариялайды, нәтижесінде сол бойынша америкалық банктер өздерінің артық резервін несиеге бере бастайды. Сонымен қатар, АҚШ, Солтүстік Корея және Қытай кездескеннен кейін жасалатын келісімдерде өз әсерін тигізетін болады. Әзірге жағдай тұрақты», - деді Мария Сальникова.
Айта кетейік, шығынды барынша азайту үшін сарапшылар бір ауыздан халық жинағын бірнеше валютада сақтау керек дейді: теңге, доллар, евро. Ал, криптовалютаны қолдамай отыр.
Бұл пікірмен Мария Сальниковада келісуде. Оның айтуынша, 2018 жылы криптавалюта нарығы капиталының 50%-дан астам бөлігін жоғалтып алған.
«2018 жылы криптавалюта нарығы капиталының 50%-дан астам бөлігін жоғалтты және де сәуір айында шамамен 4-5% ғана қалпына келтірілді. Яғни жайлап қалпына келуде. Алайда бұл 2017 жылы болған масштаб емес. Халықтың криптовалютаға қызығушылығы бір жыл бұрын болған жағдай негізінде өсіп келеді. Егер тапқан таянғаныңды процесті толық түсінбей құятын болсаң одан айырылып қалуың мүмкін. Оның үстіне криптавалютаның артында не тұрғанын білмейміз», - деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Акишевте журналистерге криптавалютаға қатысты білдірген пікірінде оны түсінбейтінін жеткізген және халықты алданып қалмаңыздар, егер жинаған ақшаларыңызды криптавалютаға салып жоғалтып алсаңыздар үкімет сіздерге араша түспейді, деп ескерткен болатын.