Facebook желісі арқылы жаңа вирус таралып жатыр. Қалай жоямыз?
2017 ж. 26 желтоқсан
3229
0
Facebook әлеуметтік желісінде вирустың жаңа түрі таралып жатыр. "Достар" тізіміндегі вирус "жұққандардан" video_5286.mp4.7z мәтініндегі хабарлама келеді. Алдын ала мәлімет бойынша, вирус браузердің кеңеюіне зиян келтіреді. Вирустың таралып жатқаны Астана уақытымен сағат 11:00-де белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, сілтемені мүлде басуға болмайды. Өйткені Facebook аккаунтыңызға зиян келу қаупі бар.
Егер аккаунтыңызды бұзып кірген болса, браузеріңізде ақау бар. Оны жойып, қайта орнатыңыз. (Әдетте қосымшаларды орнату қиындық туғызады, осы қиындықтар арқылы парақшаңызды бақылау өзгеге көшіп кетеді). Ары қарай Facebook желісіндегі теңшеуге (настройки) кіріп, ол жердегі барлық күдік тудырып тұрған бағдарламаларды жою керек. Осыдан кейін міндетті түрде құпия сөзіңізді ауыстырыңыз.
Егер бұл да көмектеспесе, күдікті бағдарламаны "Монитор ресурсов" арқылы анықтауға болады. Оған "Диспетчер задач" арқылы кіресіз. "Монитор ресурсовты" ашып, "Сеть" қосымшасына өтеміз. Осы арқылы Интернет пайдаланып тұрған қосымшалар тізімін көрсетеді. Онда қиындықты тудыратын күдікті бағдарламалар болуы мүмкін. Бағдарламалар атауын мұқият қарау керек, көбі Windows құрамдас бөлігі. Ал, ерекше күдіктілерін іздеу қосымшасы арқылы тексеру керек. Әдетте жүйені тежеп, жұмысқа бөгет болатын осылар.
Осыдан кейін қиындықтарыңыз жойылады. Компютерді вирусқа тексеру керек болады.