Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен пәтер алу үшін несиені қалай алуға болады?
2017 ж. 07 желтоқсан
6458
1
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мәліметтеріне сүйенсек, 2017 жылдың алғашқы 10 айында 33 мыңнан астам қазақстандық отбасы аталған банктің көмегімен баспана жағдайын жақсартқан екен. Бұл мерзім ішінде банк клиенттеріне берілген несие көлемі 226 млрд. теңгені құрап отыр.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жаңа баспана иесі атанып, жеке пәтер, үй немесе жер телімін сатып алу үшін қандай талаптарды орындау керек екенін рет-ретімен қарастырып көрейік.
Сыйақы мөлшерлемесі төмен болуы керек
Займның үстінен төленетін соманы мейлінше аз етіп, жылдық мөлшерлемесі ең төменгі 3,5-5%-ды құрайтын несиеніалу үшін келесі шарттардыорындау қажет:- банк салымшысы атанып, жеке есепшотқа келісілген соманың кем дегенде 50%-ын жинау керек;
- салымшының ТҮҚЖБ-дегі қор жинақтау мерзімі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
- ең төменгі бағалау көрсеткішіне қол жеткізу қажет.
Ең төменгі бағалау көрсеткішіне ие болу үшін не істеу қажет?
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі ең төменгі бағалау көрсеткіші 16-ға тең. Банк салымшысы осы көрсеткішке қол жеткізсе, ол тұрғын үй заемын 5%-дық жылдық мөлшерлемемен алу мүмкіндігіне ие болады. Бағалау көрсеткішіне ие болу үшін ай сайынғы салым төлемін дер кезінде салып отыру керек. Оның мәні жоғары болу үшін мына жайттарға назар аударған жөн:- әу баста қор жинаудың алғашқы кезеңінде мерзімінен ертерек салым салуға тырысу қажет;
- депозитке қаражат жинаудың алғашқы жылында барынша көп сома, ал кейінгі жылдары, керісінше, азырақақша салып отыру керек.
Несие мерзімі
Қарыздың барлығы тек теңгемен беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі толық несие мерзіміне сай белгіленеді. Жалпы несие мерзімі 6 жылдан 25 жылға дейінгі аралықты құрайды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне несие бойынша өтініш жібермес бұрын салымшыға бірнеше ай дайындалу керек. Нақтырақ айтқанда, тұтынушылық несиелерді жауып, шығын көлемін азайтуға тырысу қажет. Бұл салымшының төлем жасау қабілеттілігін растауға көмектеседі. Несие бойынша берілген өтініш 10 жұмыс күнінің ішінде қарастырылады. Өтінішті заңгерлер, тәуекел деңгейін анықтайтын менеджерлер мен банктің қауіпсіздік қызметі мамандары тексереді. Егер тексеріс нәтижесі бойынша салымшы үшін оң шешім қабылданса, несие 6 жұмыс күнінің ішінде беріледі. Енді жоғарыда келтірілген мәліметтерді мысал ретінде қарастырып көрейік. Мәселен, салымшы ай сайын есепшотына 50 000 теңгеден салып отырса, ол құны 8 000 000 теңгені құрайтын пәтерді қанша уақыт ішінде сатып алуы мүмкін? Салымшы ай сайын 46 400 теңгеден салымжасап отырса, қор жинау мерзімі 7 жылды құрамақ. Бұл уақыттың ішінде салымшының шотында пәтер бағасының 50%-ы жинақталып үлгереді. Ал оның бағалау көрсеткішінің мәні 35-ке тең болады. Мұндай көрсеткішпен банк клиенті жылдық мөлшерлемесі 4%-ды құрайтын несие ала алады. Несие бойынша ай сайынғы төлемі 40 800 теңгені құрайтын болады. Ал егер салымшы ай сайынғы төлемін көбірек салса, оның бағалау көрсеткіші де жоғарырақ болады. Нәтижесінде, ол несиені 7 жылдан кейін емес, одан ертерек алады. Несие бойынша өтініш жіберу кезінде қандай құжаттар қажет?- Клиент пен оның әйелі немесе күйеуінің EGOV-тан алынған зейнетақы аударымдарын растайтын үзінді көшірме(соңғы 6 немесе 12 айға);
- Клиент пен оның әйелі немесе күйеуінің жеке куәлігі;
- Еңбекақы туралы анықтама (соңғы 7 немесе 13 айға). Ұстап қалынған сомалардың барлығы көрсетілуі тиіс;
- Жеке бағалаушының баға беру есебі;
- Баға беру есебінің төленгенін растайтын құжат;
- Кепілзат ретінде ұсынылып отырған мүліктің техникалық төлқұжаты / Жеке меншік құқығы актісі, мүлікке қатысты құқық белгілеуші құжаттар (сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту келісімшарттары мен нысанды қолданысқа қабылдау туралы акт және т.б.);
- Кепілзаттық қамтамасыз етуге қатысқан барлық меншік иелерінің жеке куәліктері;
- Неке қию куәлігі мен клиенттің әйелі немесе күйеуінің жеке куәлігі (бар болса);
- EGOV-тан алынған жылжымайтын мүлікке берілетін құқық белгілейтін құжат(немесе мүлік ауытрпалығын белгілейтін құжат) және жылжымайтын мүліктің мінздемесі туралы анықтама (жарамдылық мерзімі 3 ай);
- EGOV-тан алынған жер теліміне берілетін құқық (мүлік ауытрпалығын) белгілейтін құжат;
- Физикалық тұлғалардың кепіл берушілерінің EGOV-тан алынған мекенжай анықтамасы(жарамдылық мерзімі 3 ай).
- Қарыз алушының төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі;
- Жағымсыз несие тарихы;
- Өтініш берілген банк бөлімшесінің сәйкессіздігі (өтінішті несие алушының тіркелген орны, тұрғылықты мекенжайы немесе кепілзаттық қамтамасыз ету орны бойынша беруге болады);
- Мемлекеттік бағдарламалар бойынша қарыз алушының мемлекеттік бағдарлама талаптарына сай болмауы;
- Берілген қарыздың көрсетілген мақсатта пайдаланылмау қаупі. Мысалы, сату-мен сатып алу жақын туыстар арасында жүргізілсе. Әрі сатып алынатын жылжымайтын мүліктің бағасы оның нарықтағы бағасынан 15-20%-ға жоғары болса.
- Кепілзаттық қамтамасыз етудің банк талаптарына сай болмауы (рұқсат етілмеген қайта жоспарлау, жылжымайтын мүліктің салынған жылы мен қабырға материалдарының сай келмеуі).