Исламда ер адам әйеліне «жақсы көремін» деп айтуы керек пе?
2017 ж. 13 наурыз
7563
3
Ер адам әйеліне «жақсы көремін» деп айтуы керек пе? Ислам діні тұрғысынан бұл сұраққа жауапты zharar.com сайты іздеп көрді.
Шынында, ер адамдардың әйеліне сүйіспеншілігін білдіріп, жылы сөзін айтуы керек пе? Ол дұрыс па? Негізінен, Алла тағала ерлерге әйел адамға мейірімділікпен қарауға, жақсы қарым-қатынас жасауға бұйырады.
Бұл жайлы Қасиетті Құранда: «Әйелдеріңмен жақсы тұрып, жақсы қарым-қатынаста болыңдар» делінген («Нисә» сүресі, 19-аят). Әйел адам табиғатынан нәзік болғандықтан күйеуінен жылы сөзін, қамқорлығын, мейірімділігін көруді қалайды. Ал ерлі-зайыптылардың, бауырлардың, жақындардың бірін-бір жақсы көріп «сені жақсы көремін» деп айтулары да сауапқа жатады.
Алла елшісі (с.ғ.с.): «Алла тағала қиямет күні: «Менің разылығым мен ұлылығымның құрметі үшін бір-бірін жақсы көрген құлдарым қайда? Менің көлеңкемнен басқа пана болмаған осынау күні оларды Өзімнің көлеңкеме саялатамын», – деп айтады», – деген (Муслим, бирр 37).
Бір ғана жылы сөз жүректерді жылытып, ерлі-зайыптылардың сүйіспеншілігін арттырады, оларды жақындастыра түседі, әрі сауапқа кенелтеді. Сондықтан бір-біріңізден жылы сөздеріңізді аямаңыздар, «сені жақсы көремін» деп жиі айтыңыздар!