Отбасы банк және баспаналы болудың жолдары: сізге қай бағдарлама сай келеді?
2022 ж. 18 ақпан
13667
1
«Шаңырақ», «Ұмай», «Жас отбасы» сияқты бағдарламаларды қосқанда, Отбасы банкінде қазақстандықтардың баспаналы болуына жол ашатын бірнеше бағдарлама бар.
Айта кетейік, Отбасы банк – ипотекалық несиелендіру нарығының көшбасшысы. Мәселен, былтыр елімізде берілген ипотеканың 66% осы қаржы ұйымына тиесілі немесе 82 мыңнан астам адам осы банктен тұрғын үй заемын алған.
Бағдарламалардың алғашқысы «Жас отбасы». Бұл бағдарламаға заңды некеге тұрғандарына 5 жылдан аспаған отбасылар қатыса алады. Сондай-ақ, несие рәсімдеу уақытына дейін аталған депозитке сатып алатын тұрғын үйдің 50 пайызын жинап, бағалау көрсеткішін 5 жеткізу қажет.
Балаларының болашағын ойлаған ата-аналар үшін «Арнау» атты депозит бар. Ата-аналар 18 жасқа дейінгі балаларының атына «Арнау» депозитін ашып, 10 жыл ішінде баспана құнының 50 пайызын жинаса, қалған соманы жылдық 2 пайыз мөлшерлемемен рәсімдей алады.
«Ұмай» әйелдер ипотекасы
Қазақстандағы әйелдерге арналған алғашқы ипотекалық бағдарлама. Осы депозиттің көмегімен жаңа не қолданыста болған тұрғын үйді сатып алуға, сондай-ақ жөндеу жұмыстарына несие рәсімдеуге болады.
Бұрыннан келе жатқан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Отбасы банкінің салымшылары ең тиімді шарттармен жаңа үйден пәтер ала алады.
Сұранысқа ие бағдарламалардың бірі «Бақытты отбасы». Табысы төмен отбасыларға арналған бұл тұрғын үй бағдарламасына әкімдік кезегінде тұрған көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады.
Сонымен қатар, «Шаңырақ» (5-10-20) жобасына да тоқталуға болады. Бұл бағдарламаға қатысу үшін отбасының әрбір мүшесінің айлық табысы 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек.
Соңғы салалық бағдарлама еліміздегі әскери адамдарды баспанамен қамтуға арналған “Әскери баспана» жобасы.
“Әскери баспанаға” тұрғын үй төлемдерін алатын әскери қызметкерлер қатысып, жеңілдікпен несие ала алады.