"Дельта-штамм" адамның қандай топтары үшін әлдеқайда қауіпті - вирусолог жауабы
2021 ж. 23 шілде
8953
0
Коронавирустың "дельта штаммы" тәуекел тобына жатқызылатын науқастарды бірден "іліп" әкетеді. Вакцина алған немесе иммунитеті жақсы адамдар үшін "дельта штамы" қатты қауіпті емес, деп хабарлайды zakon.kz.
Биолог, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аға зерттеушісі Сергей Харитоновтың пікірін РИА Новости келтіреді.
Вирус тәуекел топтарына жатқызылатындар арасында өте белсенді тарайды. Одан, мысалы, қазірдің өзінде вакцина алған немесе бір ауырып, тұрған адамдар өлмейді. Бірақ жасы ұлғайған адамдар, асқынған аурулары бар, иммунитеті әлсіз адамдар одан тез өліп кетеді, әрине көп мөлшерде жұқтырған жағдайда, - дейді Харитонов.