Жеке кәсіпкерлер үшін «E-Salyq Business» қосымшасы әзірленіп жатыр
2021 ж. 09 ақпан
5391
0
Жеке кәсіпкерлер үшін «E-Salyq Business» қосымшасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент салықтық әкімшілендіруді түбегейлі оңайлату мен жеңілдету бойынша міндеттер қойды. Бұл бағытта ең алдымен жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын салықтар біріктіріліп, бірыңғай төлеммен төленетін болады. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері үшін жер салығы болмайды», - деді ол.
Министрдің айтуынша, халыққа арналған салық төлеудің ыңғайлы «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы әзірленді. Қосымша онлайн салық төлеуге, артық төлемді болдырмауға және тағы басқа да жеңілдіктерге мүмкіндік береді.
«Жеке кәсіпкерлер үшін «E-Salyq Business» қосымшасы әзірленуде. Жеке кәсіпкерлерді тіркеу мен жабуды, салық есептілігін ұсынуды оңайлату, сондай-ақ комиссияны және фискалдық деректер операторларының қызметтеріне ақы төлеуді алып тастау қарастырылуда. Осы қосымшалар салық төлеуші растай алатын немесе түзете алатын есептілікті автоматты түрде қалыптастырады», - деді Ерұлан Жамаубаев.