Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша 17 қыркүйекте еліміздің 15 өңірінде дауылды құбылыстар күтілуде.

17 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында желдің екпіні секундына 15-20, 23 метр.

Ақмола облысында жаңбыр, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метр күтілуде.

Ақтөбе облысында желдің екпіні секундына 15-20, 18 метр күтілуде.

Алматы облысында 17 қыркүйекте найзағай, шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр күтілуде,  Атырау облысында екпіні секундына 15-20 метр жел күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай, дауыл, екпіні секундына 15-20 метр, 23- 28 метр жел күтілуде.

Жамбыл облысында 17 қыркүйекте екпіні секундына 15-20 метр,23-28,30 және одан қатты жел күтілуде.

Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр күтілуде.

Қарағанды облысында қатты жаңбыр, екпіні секундына 15-20 метр,23-28,30 және одан қатты жел күтілуде. 17 қыркүйекте Қостанай облысында тұман, желдің екпіні секундына 15-20, 23 метр.

Қызылорда облысында найзағай, шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20, 23 метр. Күндіз өрт қаупі өте жоғары. 17 қыркүйекте

Маңғыстау облысында шаңды дауыл, екпіні секундына 15-20 метр жел күтілуде.

Павлодар облысында найзағай, дауыл, бұршақ, кей жерлерде қатты жаңбыр, екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 25 метр жел күтілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ жауады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23-28 метр.

Түркістан облысында 17 қыркүйекте кей жерлерде шаңды дауыл, екпіні секундына 15-20, 25 метр жел күтілуде.