Халыққа 42 500 теңгеден төлеу туралы шешім қабылданды
2020 ж. 14 шілде
1108
0
Үкімет басшысы Асқар Мамин атаулы әлеуметтік көмекті қолда бар деректер негізінде алдын ала жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шектеу шаралары кезінде табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу бойынша шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантин шараларының күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі төтенше жағдай кезеңіндегідей азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлік өнімдері бойынша ақшалай көмек беруді жалғастырсын. Бұл – 1 миллионнан астам адам», - деді ол.
Үкімет басшысы атаулы әлеуметтік көмекті қолда бар деректер негізінде алдын ала жүргізуді тапсырды.
«Сондай-ақ карантин кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүгедектігін 3 айға автоматты түрде ұзартуды тапсырамын», - деді Асқар Мамин.