Коронавирустың симптомсыз түрін үйде қалай емдеуге болады
2020 ж. 08 шілде
1378
0
Коронавирус инфекциясынан өздігінен емделу мәселесіне тоқталғым келеді. Біз қазір симптомды және аз симптомды науқастардың үйде емделуін айтып жатырмыз. Дәрігерлер ондай науқастардың емін реттеуі керек.
Аз симптомды ауруы бар науқастар вирусқа қарсы және антибактериялық препараттарды қолданбауы керек. Ондай науқастар ақуызы көп тамақты ішіп,сұйықтықты көп тұтынып, С, D витаминдерін қолдану керек.Температура көтерілген жағдайда парацетамол немесе ибуфен ішу керек.
❗️Витаминді көп мөлшерде қолдану өкпенің ауруларын асқындырып жібереді. Қызу 38 градустан жоғары болып, токсикацияның симптомдары пайда болса, пневмонияның өршуін болдыртпай, дереу дәрігерге көріну қажет.
Коронавирус індеті кезінде вирусқа қарсы препараттар жазылады. Мәселен, лопинавир, ремдесивир,фавипиравир және гидрокси-хлорофилл. Алайда бұл препараттардың салдары туралы да ұмытпаған жөн.
Симптомсыз науқастар бұл препарттарды қолданбауы тиіс. Бұл дәрілер тек дәрігердің тағайындау бойынша қолданылу керек.
Раушан Қарабаева,
Жоғары санатты дәрігер