Коронавирус кезінде саяхаттауға болатын елдердің тізімі шықты

Желіде коронавирус кезінде саяхаттауға болатын елдердің тізімі пайда болды, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

Бұл тізімге елдер коронавирус жұқтырғандар саны аз болғандықтан енген. Оның ішінде Барбадос - COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 92, Багам аралдары - барлығы 102 адам, Мэн аралы - 336 адам, Норманд аралдары - 561 адам, Мальта - 625 адам және Кипр - 958 адам.

Басылым мәліметінше, аталған елдер дер кезінде коронавирусқа қарсы шара қабылдағандықтан аурудың алдын алған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 8 маусымдағы жағдай бойынша, коронавирус жұқтырғандардың саны 6 799 миллионнан асқан, сондай-ақ 397,3 адам қайтыс болған.