Елордада бүгіннен бастап қандай нысандар жұмыс істей бастайды
2020 ж. 20 мамыр
1128
0
Елордада сауда орталықтары, қоғамдық монша мен базарлар жұмысын жаңарту мәселесі пысықталуда.
Қаланың бас санитарлық дәрігері азаматтарды Covid-19-ға қарсы барлық алдын алу шараларын қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан астанасындағы қолайлы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ведомствоаралық комиссия 20 мамырдан бастап сауда және ойын-сауық орталықтарының (ойын-сауық және ойын орталықтарынсыз, фудкорттарсыз, кинотеатрларсыз) және қоғамдық моншалар, бассейнсіз сауналар, жабық базарлар, сауда орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысын қайта бастау мәселесін қарады.
Қазір осы мәселені мұқият пысықтап, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы дайындалуда. Сонымен қатар жалпы санитарлық-шектеу талаптарынан басқа ерекше талаптар көрсетілген нысандардың аталған санаттарының жұмыс алгоритмдері әзірленді: сауда орталықтары әдеттегі жұмыс кестесімен, сауда бутиктерінде сатып алушылардың санын бес адамнан асырмауы, кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтаумен және кезекте, кассалық, сауда аймағында шамамен алғанда екі метрден кем емес таңбалар болуы керек, – деді Ж.Пірәлиева.
Монша мен сауна (бассейнсіз) үшін күту залындағыларды қоспағанда, персоналдың келушілермен тікелей байланысын барынша азайтып, жобалық сыйымдылықтың 30%-нан аспайтын толтырумен 9:00-ден 18:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша) жұмыс кестесі көзделеді.
Елорданың бас санитарлық дәрігері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажетін атап өтті. Себебі карантин шараларын жеңілдетуді ескерсек, кез келген уақытта індет қайта өршуі мүмкін.