Sait.kz компаниясы COVID-19 онлайн API жасап шықты

Sait.kz ЖШС мамандары еліміздегі коронавирустің соңғы мәліметтерін автоматты көрсететін API жасап шықты.

Компания директорының орынбасары Өркен Мұсабекұлының айтуынша "Мәліметтер coronavirus2020.kz сайтынан жарты сағат сайын бір рет автоматты түрде жинақтап алынып, API жасалып отырады, оны кез-келген сайт пайдалана алады".

API арқылы кез-келген сайт соңғы мәліметтерді өз ішінен көрсете алады, covid-19.sait.kz арқылы өз сайтына орналастыра алады.

Оған мысал ретінде Qazaquni.kz сайтындағы статистикалық мәліметтерді таблосын қарауға болады.