Карантин кезінде Алматы мен Нұр-Сұлтанға кімдер кіре алады?
2020 ж. 18 наурыз
4544
1

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына азаматтардың кіріп-шығу тәртібі туралы айтты, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
- Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының периметрі бойынша денсаулық сақтау органдарымен және қорғаныс министрлігімен бірге көлік құралдарының кіруі мен шығуы азаматтардың қозғалысын шектейтін жол жабықтары (блокпосттар) орнатылады. Қалаға Нұр-Сұлтан мен Алматыда тиісті тіркеуде тұрған адамдар және қалалардың өмірлік қызметтерін қамтамасыз етуге қажет адамдар ғана кіреді. Тізімді әкімдіктер анықтайды, - деді министр "Хабар 24" телеарнасының эфирінде.
Сонымен қатар, министр жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік жүктелетінін ескертті.