Жазықсыз қудалау толастамай тұр…

4
2119

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қасиетті Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың бейбіт сопылық ілімін жалғастырушы, Мақсым Исматулла Әбдіғаппарды жылдан аса заңсыз, ал, ең бастысы, жазықсыз қудалау толастамай тұр. Ол жөнінде Өзіңізге бірнеше мәрте жазған хаттарымызға ешбір жауап ала алмай дал болып отырмыз. Біз Сізден әлімжеттік пен көпе-көрнеу заңсыздықтан қорған болуды сұраған болатынбыз, әлі де сұрамақпыз. Біздің Сізге айтқан датымыз не жетпейді, не болмаса Сізге жалған ақпарат беріледі деп ойлаймыз.
Осы қуғын-сүргінді, Исматулла Әбдіғаппар мен оның шәкірттері – қазақтың тұлғалы ғалымы, профессор Саят Ибраевтың және бір топ қаракөздің үстінен сот процесін ұйымдастырушылар Исматулла ақсақалды Сіздің саяси бағытыңыздың, қала берді, бар қазақтың жауы ретінде көрсетуге жанталасып бағуда. Дәл осы мақсатпен олар «Хабар» арнасынан авторы мен түсірушілері көрсетілмеген, яғни ен-таңбасы жоқ, толықтай қолдан жасалып, ойдан шығарылған фактісымақтарды тізбелеген фильм таратты. Қазір сот тарапынан тездетіліп заңсыз шешім шығару үшін барлық бәлелі әрекетке барып отыр.
Неге десеңіз, олар ақиқатында қазақ топырағына аяқ басысымен тек халқымызды терроризм мен экстремизм өртінен аман сақтап, рухани тазалықты қамтамасыз ету жолында аянбай күрескен Мақсымға және Сіздің саясатыңызға қарсы жасаған сұрқия айла-амалдарының әшкереленуінен қорқады.
Осыған қатысты тағылған айып пен айтылған уәждердің біржақты талқылануына жағдай туғызатын сот үдерісінің аудио және бейне таспасын жазуға жасалған негізсіз тыйым баршамызды қатты алаңдатып, көңілімізді күпті етуде.
Мұндай жағдайда соттың объективті және әділ өтуі неғайбыл деп білеміз. Көз көрмесе де, құлақ естіп отырған азды-көпті ақпарат, айып тағушылар тартып отырған «куәгерлердің», процеске басқа да қатысушылардың арагідік айтқан сөздері мен көңіл-күйі осыны растайды. Түбінде шындықтың шыңырау түбінен шығып, шырмауықтан арылатыны анық деп жұбатқымыз да келеді өзімізді.
Нақты айтсақ, ең алдымен басшысы мен қосшысының кімдер екендігі әмбеге аян болған салафиттік (ваххабиттік) топтардың жоғарыда айтылған фильмдегі жымысқы ойды жүзеге асыруға мүдделілігі бесенеден белгілі. Өйткені Алаш ұлының Ұлы мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылатын Ясауи ілімі олардың ұлт мұратын ұлтарақ санап, мемлекеттік жүйені күштеп құлатуға бағытталған «таза дінсымақтарының» күлпаршасын шығарып, тамырына балта шабуға бірден-бір қауқарлы ілім.
Салафизмнің ел үшін, сонымен бірге, Сіз үшін қатерлі ағым екенін Қазақстанның әр түкпірінен көптеген көзі қарақты тұрғындар айтты, ашық хаттарында жазды. Еліміздің Мұсылмандар діни басқармасы бұл идеологияға заң жолымен тыйым салу қажеттігін ашық мәлімдеді. Не десек те, бүгіндері салафизмнің қалың бұқара арасында да, басқарушы құрылымдар ішінде де тамырын тереңге жайғаны ашындырады.
Сондықтан қысылтаяң жағдайда орын алып отырған бұл заңсыз сотты Сіз айтқан бейбітсүйгіш саясатқа негіз боларлық халқымыздың санғасырлық рухани салт-санасы мен діліне, болмысына қарсы сот, қанқұйлы қиянат деп бағаламасқа амал жоқ.
Қадым замандардан бері бейбітшілік пен келісімді уағыздап келген, ешуақытта саяси үстемдікке ұмтылмайтын сопылық жолдың бүгінгі мұрагерлері сияқты мемлекеттің шынайы жанашырларын шетқақпайлатуға итермелеп, сол арқылы билікті жаманатты етуге бағытталған Исматулла Әбдіғаппарға қастандық ұйымдастырушылардың ешкімге абырой әпермейтін әрекетіне тағы да Сіздің назарыңызды аударғымыз келеді. Біз бұл жолы да Өзіңізден ата салтымен араша сұрап, бассыздықты тоқтатып, басбұзарды тыяды деп үміттенеміз.
Араша, Елбасы!

Осы мәселеге қатысты зиялы қауымның БАҚ беттеріндегі ой-пікірлері жинақталған «Ақтың оты өшер ме…» атты кітапты қоса жолдаймыз.
Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері;
Дидахмет ӘШІМХАН, жазушы, ҚР-на еңбек сіңірген қайраткер, баспагер;
Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ, жазушы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі;
Тұрсынбек КӘКІШҰЛЫ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор;
Несіпбек ДӘУТАЙҰЛЫ, жазушы, «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры;
Сейдахмет ҚҰТТЫҚАДАМ, қоғам қайраткері, саясаттанушы, «Мысль» журналының бас редакторы;
Шерхан МҰРТАЗА, халық жазушысы, Мемлекттік сыйлықтың иегері;
Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ, жазушы, ақын, аудармашы;
Жанат АХМАДИ, жазушы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты;
Софы СМАТАЕВ, көрнекті қоғам қайраткері, жазушы, драматург;
Қабдеш ЖҰМАДІЛ, Қазақстанның халық жазушысы;
Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ, ақын, ҚР-на еңбек сіңірген қайраткер, Қарағанды қаласы;
Темірғали КӨКЕТАЙ, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик, 20-ғасырдың көрнекті адамы, Қарағанды қаласы;
Анар САЛҚЫНБАЙ, филология ғылымдарының докторы, профессор;
Әселхан ҚАЛЫБЕКОВА, халық ақыны, «Парасат» орденінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысы;
Әбдікерім МАНАПОВ, ақын-сазгер, Түркістан;
Есенқұл ЖАҚЫПБЕК, ақын, Жамбыл ауданы;
Жанат АСКЕРБЕКҚЫЗЫ, филология ғылымдарының докторы, ақын, Астана;
Светқали НҰРЖАН, ақын, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері;
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, қоғам қайраткері, жазушы;
Жұмабай ҚҰЛИЕВ, ақын;
Тасқара ҚАРАТАЙҰЛЫ, халық емшісі, Маңғыстау облысы;
Қазыбек ИСА, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Қазақстан Мәдениет қайраткері, “Жас қазақ үні” газетінің бас директоры;
Абай БАЛАЖАН, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «ОРДА-КZ» газетінің бас редакторы, Шымкент;
Құлбек ЕРГӨБЕК, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Түркістан;
Еділ ЖАҢБЫРШИН, Маңғыстау облыстық маслихатының депутаты, техника ғылымдарының докторы, профессор, эколог-ғалым;
Оңайбек АБДИЛОВ, полиция полковнигі, ІІМ зейнеткері, техника ғылымдарының докторы, ҚР Заң ғылымдары академиясының академигі, Б.Сыртанов атындағы сыйлықтың лауреаты;
Халила Нұрлақұлы ӘБДІЛАҚ, журналист, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик;
Мұқтар ҚОЖА, тарих ғылымдарының докторы;
Хазретәлі ТҰРСЫН МАХАНҰЛЫ, тарих ғылымдарының докторы, Түркістан;
Нұрлан МЫҢБАЙ, филология ғылымдарының докторы, Шымкент;
Бибайша НҰРДАУЛЕТОВА, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері;
Болат ҚОРҒАНБЕК, филология ғылымдарының кандидаты, ясауитанушы;
Бибігүл СҰЛТАНОВА, филология ғылымдарының кандидаты;
Нұрлан ҚАМИ, жазушы, аудармашы;
Жаңабек ШАҒАТАЙ, жазушы, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері;;
Темірғали КӨПБАЕВ, ақын, журналист, заңгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты;
Еркін ЕРМҰҚАНОВ, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент;
Болат ЖЕТЕКБАЙ, ақын, журналист;
Серік ӘБДІРЕШҰЛЫ, публицист, Астана;
Ордалы ҚОСАЙ, ҚР білім беру ісінің үздігі, жоғары санатты ұстаз, Ы.Алтынсарин медалінің иегері;
Іргебай ЖАРЫЛҒАСЫНОВ, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, ҚР Конституциясына 10 жыл мерекелік медалінің иегері;
Аманжол МЕЙІРМАНОВ, ҚР ҒБМ ҒК Философия және саясаттану институтының ғылыми қызметкері, ясауитанушы;
Алмас ҚУАНБАЙ, «Үш қиян» Республикалық ұлттық тәуелсіз апталық газетінің бас редакторы;
Шолпан САПАРБАЙҚЫЗЫ, педагогика ғылымдарының кандидаты;
Ықылас КӨШЕРБАЙ, Ақтау қалалық мәслихатының III-IV шақырылымының депутаты;
Амандық КӨМЕКҰЛЫ, ҚР мәдениет қайраткері, Ақтау қаласы;
Күріш Құбашұлы ТАСБОЛАТОВ, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, Ақтау қаласы;
Жанаш НҰРМАХАН, республикалық дәрежедегі дербес пенсионер, Құлсары қаласы;
Бүркіт БАЗАРБАЕВ, ақын, Құлсары қаласы;
Сәрсен ҚАДЫР, ақын, өлкетанушы;
Базарбай ӘБДІРАХМАН, қажы, дінтанушы, өлкетанушы, Ақтау қаласы;
Амангелді ЖҰМАШ, зерттеуші-журналист;
Марат ОСПАН, Кенен Әзірбаев әдеби-мемориалдық музейінің директоры;
Қазбек ҚАБЖАНОВ, ақын, журналист, «Шабыт» фестивалінің лауреаты;
Ақмарал ЕРІМБЕТОВА, дәстүрлі әнші;
Елтай БИМАХАНБЕТҰЛЫ, жазушы, Түркістан;
Ислам ДОСБОЛ АМАНГЕЛДІҰЛЫ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Түркістан ;
Сапарбек Сәрсенұлы ЕРГӨБЕК, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Түркістан;
Жанар Жақсыбекқызы ӘБДІҒАППАРОВА, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Түркістан;
Жанымгүл КАМАЛҚЫЗЫ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Түркістан;
Назгүл Тұрсынханқызы БАТЫРОВА, экономика ғылымдарының кандидаты, Түркістан;
Ғаппар Амантайұлы САРСЕНБАЕВ, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты, Түркістан;
Мұхит Жылқайдарұлы ТӨЛЕГЕНОВ, дінтанушы, Түркістан;
Әдемау ТҰРДЫБАЙҚЫЗЫ Толысбаева, филология ғылымдарының кандидаты, Түркістан;
Әбілда АЙМАҚ, жазушы, Шымкент;
Нышанбек ТӨЛЕГЕНОВ, әнші-сазгер, ҚР еңбек сіңірген қызметкері, Шымкент;
Әдхам ШІЛТЕРХАНОВ, жазушы, Шымкент;
Құралай СӘТМҰХАМБЕТ, сазгер, Шымкент;

4 ПІКІРЛЕР

  1. Арманға! Қанқұмарлығыңыз Шерхан Мұртазаның «Ежовшылдық бас көтере бастады» деген түйінін дәлелдейді екен. Сосын, қол қоюшылардың бәрі өз азаматтық позицияларымен қойып отыр. Сырттан тон пішпеңіз, ешкім кимей ол тоныңыз сарайыңызда шіриді. Азаматтардың ниетінің растығына дәлел сол қол қоюшылардың бірқатарының жеке сұқбаттары БАҚ бетінде жарық көріп, алды тіпті жеке кітап түрінде жарық та көруі. Мәлімет үшін.

  2. мына адамдардың барлығы да қолдау білдірмегені белгілі. Немесе не үшін қол қойғанын білмей қалған секілді. Егер шын мәнінде қоладу білдірсе, онда айтып отырмын ғой елге ақыл айтып жүргеннің барлығы да ақылынан алжасқан екен. Өңкей екі жүзді сұрқиялар….

  3. дін бұзарды қолдаған сендер де құдай ұрған бәле екенсіңдер. Ойбай, ағым-секта қаптап кетті деп байбалам салғанда бәле дейсіңдер, енді аталарыңның басына фитнашылды жақтап отырсыңдар ма

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз