Асыл дінімізге асылық еткен продюсер тәубесіне келді

004aeadef0257b22e39b70e109f1f54e«Фитна» атты фильм түсіріп, ел арасында дүрбелең тудырған нидерландылық продюсер Арно Ван Доорн тәубесіне келіпті, деп жазады muslim.kz. Бұл арада нидерландық оңшыл атанған Арно Ван Доорн жайлы сөз болып отырғанын іштеріңіз сезген шығар. Ол осыдан бір жыл бұрын асыл дінімізге өтіп, үстіміздегі жылдың ақпан айында ұмраға барып, қазан айында қажылық парызын өтеген болатын. Арно Ван Доорн тек Нидерландыда ғана емес, сонымен қатар Еуропа елдерінде де мұсылмандардың мүддесін көздейтін, ислам құндылықтарымен қаруланған партия құруға бел байлап отыр. Бір айта кетерлігі, бұл партияға мұсылмандармен қатар асыл дінімізге жақтас өзге діндегілер де кіре алады. Ол өзінің дүрбелең тудырған «Фитна» атты фильмі үшін мұсылмандардан бір емес, бірнеше мәрте кешірім сұрап, атышулы картинаны түсіруге тікелей атсалыспағанын алға тартып, ақталған еді. Ақталып қоймай, күнәсін жуып-шаю үшін Алла жолында күн демей, түн демей еңбектенетінін жеткізді. Қазіргі уақытта ол Пайғамбарымыз (с.ғ.у.) жайлы және «Мәдина – Ислам нұры» атты тарихи фильм түсіруді жоспарлап отыр. Бұған қоса, ол қажылықтан алған әсерін кітапқа арқау етпек. «Осы уақытқа дейін өмірім зая өтіпті»,– деп ағынан ақтарылған ол анасы мен зайыбын және үш баласын хақ дінмен таныстырғанын әрі бұл бағытта белгілі бір жетістікке қол жеткізгенін жеткізді.

bnews.kz