ҰҚК Сирияға жиһад бағытына тартылған қазақстандықтарды елге қайтармақ

CABAD8C5-E940-4599-B665-F7D0E815018E_w640_r1_s ҰҚК Сириядағы жиһад бағытына тартылған қазақстандықтарды елге қайтару мақсатында тиісті жұмыстарды жүргізуде. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков мәлімдеді. ҰҚК төрағасының орынбасары журналистерге берген сұхбатында Сирия аумағында қазақстандық азаматтардың бар екендігі туралы ақпаратты жоққа шығармады. «Өкінішке орай, азаматтарымыздың бөгде мемлекет аумағында бола отыра құқыққа қайшы келетін іс-әрекеттерді жасап жатқаны бізді толғандырып отыр. Бұл мәселе халықаралық келісімдерге сәйкес реттеледі және біз оларға қатысты тиісті әрекет ететін боламыз», - деді Н.Білісбеков. Өз сөзінде ол Сирияда 150 қазақстандықтың бар екені туралы ақпаратты растамады. «Онда біздің азаматтарымыз бар. Үгіт-насихат акциялары мақсатында видоежазбаларды біздің азаматтарымыз жасаған жоқ деп ойлаймын», - деп толықтырды ол. «Ұлттық қауіпсіздік комитеті мүдделі органдармен бірлесе отыра Сирия аумағынан азаматтарыммызды елге қайтарып, ол аймаққа шығуларына жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстарды жүргізуде», - деп түйіндеді ол.

bnews.kz