Сириядағы соғысқа 150 қазақ "джихад" үшін барған

CABAD8C5-E940-4599-B665-F7D0E815018E_w640_r1_s

150 салафиттік бағытты ұстанушы қазақтар "джихад" үшін Сирияға барған. Олардың ішінде ересек ерлер мен әйелдер, сондай-ақ жас балалар да бар.

"Франция 24" арнасының хабарлауынша, олар дәл қазір зәулім виллада  уақытша өмір сүріп жатқан көрінеді. Осыдан бір апта бұрын "Әл-Каеданың" арнайы тобы "Ирак және Левент ислам мемлекеті" деп аталатын джихадты насихаттайтын деректі фильмді ғаламтор желілерінде тартқан. Аталған фильмнің авторлары Сирияға келген қазақ отбасылары өздерін жарып, өлімге бас ұрған қорланушылар болып джихадты насихаттайтындықтарын айтқан.

Фильм салафиттік сарбаздадың Сириядағы шеруінен басталады. Кейін  "Әл-Каеданың" туы тігілген арнайы әскери көліктері келеді. Бұдан соң қара экранның үстіне ақ әріптермен: "150 қазақ бірнеше километрді артқа тастап, барлық қаржысын жұмсап, Леванттағы "джихадқа" қатысу үшін арнайы келген" деген жазу шығады. Видео желісі құран оқып отырған жас баланың дауысымен, хиджаб киген кішкентай бүлдіршін қыздар мен 30 шақты жас балалардың бейнелерімен жалғасады. Балалардың ең кішкентайы туылғанына бірнеше ай болған нәресте. Кейін өзін "Қазақ Әбдел-Рахман" деп таныстырған ер азамат джихад үшін құрбан болуға әзір екендіктерін, отбасымен бірге Сирияға арнайы келгені туралы әңгімелейді. Бұдан кейін "Қазақ Сейфа аль-Дин" джихадты насихаттайтын әнмен бәрін дін үшін соғысқа қатысуға шақырады. Фильмге түскен сөйлеушілер мен олардың жұбайларының сөздері мен өздерін ұстау мәнеріне қарап, олардың өз еркімен Сирия еліне келмегенін аңғаруға болады... Сонымен қатар фильмнен Сирия жерінде жүрген қазақ балаларының өмірлеріне қауіп төніп тұрғанын көруге болады. Француздық телеарна бұл фильмді  джихадтықтардың топ болып  Сирияға өз еркімен келуі туралы түсірілген алғашқы фильм деп көрсетті.

qazaquni.kz