Бас мүфти алғашқы жұма намазын өткізді

1
1623

 

 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Маямеров хазрет Алматы қаласы Орталық мешітінде жамағатпен жүздесіп, мінберде уағыз айтты.

Ержан қажы Малғажыұлы Ислам дініндегі үйлену, үй болу әдептерін сөз етті. Дінбасы шаңырақтың шайқалуы мен ажырасулардың белең алуына – иманның әлсіреуі тікелей әсер ететінін қаперге салды.

 

Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі жамағатқа жаңа мүфти – Ержан қажы Малғажыұлын таныстырып, жұмысына игіліктер мен береке тілеп, батасын берді.

 

Ержан қажы Маямеров Әбсаттар қажы Дербісәлінің діни басқармада атқарған 13 жылдық игі де ізгі істеріне алғысын білдіре келе, қалыптасқан қазақы дәстүрге сай, иығына шапан жауып, автокөліктің кілтін табыстады.

 

ҚМДБ-ның баспасөз қызметі 

 

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз