ҚМДБ: Мәуліт мерекесіне келіңіз

Алланың соңғы елшісі, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған айына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы үстіміздегі жылдың 2 ақпанында (сенбі) Мәуліт салтанатын атап өтеді. Жыл сайын ұйымдастырылатын игі шара биыл Алматыдағы Республика сарайында өтпек. Рухани кеште ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі және ұлт зиялылары, дінтанушы-ғалымдар мәуліт мерекесімен құттықтайды һәм уағыз айтады. Қарилар тобы мәуліт оқыса, өнер жұлдыздары діни әндер орындайды. Белгілі ақындар иман, иба жайлы айтысып, салтанатты шараның көркін қыздырмақ. Діни-рухани қойылым да әсерлі болады деген ниеттеміз. Кіру – ақылы. Бағасы – 200 теңге. Билет сатудан түскен қаржы мәуліт салтанатында жетімдер һәм балалар үйіне беріледі. Билетті Алматы қаласы мешіттерінен алуға болады. Басталуы – 10:00-де. 9:00-де Бас мүфтидің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтетінін қаперлеріңізге саламыз. Алдын-ала тіркелулеріңізді сұраймыз.

 

Қосымша мәлімет үшін:

Ағабек Қонарбайұлы,

ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы

397-63-91, 8 702 350 53 13