Светқали НҰРЖАН. ИСМАТУЛЛА МАҚСЫМҒА

20
6946


 

Биссмилла-һи рахман рахим!

 

Бір шың қалмай еже басын нұр шалған,

Ай да, Күн де көрінбейтін кір-шаңнан.

Жаулап алып тажал қолы құрсанған,

Айрылғанда Еркім менен Мұршамнан –

Жариялап – жаудың шынын, жат сұмын,

Келдің бізге,

Исматулла мақсымым!

 

Ай сәулесі сәлделеген ақ басын

Баба-шыңға тіредіңіз ат басын.

Аштың бізге – діл дүбара шақта сын,

Хақ Расул мен Құл Қожа Ахмет қақпасын.

Қақпаны аштым – танып сонда хат сырын,

Ердім Сізге,

Исматулла мақсымым!

 

Жүректерге басып қойған тас мөрі

Талқан болды Ібілістің! –

Қашты өңі.

Жала жауып жады жын мен нас пері,

Аласұрды-ай сайтанаттың әскері!

Нардай артып Сұбхан-Хақтың пәк сынын,

Тарттың азап,

Исматулла мақсымым!

 

Алдым Сізден саф өнеге, хас тәлім,

Көрдім Нұрдың бұлтты түріп ашқанын;

Көрдім жынның күрт шұбырып қашқанын,

«Алқа зікір» – жуды қазақ аспанын!

Жаршысысың Жеті Сайран астының,

Сертті қазақ –

Исматулла мақсымым!

 

«Өзіңді – ішің, сыртың өртеп Ғаламды»,

Кірді Нұрың бар жүрекке қараңғы.

Реушендей тырнап аштың санамды,

Таптым Сізден: шүкір, пікір, тобамды!

Мың бір шүкір! –

Жоқшысы боп Жақсының,

Ендім Сізге,

Исматулла мақсымым!

 

Сізді көрсе Көр мен Түнек түрілген,

Сізді көрсе Өлген Жүрек тірілген!

Хақ жұпары борағанда үніңнен –

Бал төгіліп қоя берген тілімнен!

Хатқа сендім,

Хаққа сендім – пәк шыным! –

Сендім Сізге,

Исматулла мақсымым!

 

Мың сан кесек сыбаса да – бас бұрмай,

Мың сан өсек сынаса да – кәс қылмай;

Аяқ асты өлген итті бастырмай,

Жауға дұға қыласыңыз, – дос тұрғай!

Жаным – зарға,

Қанға толсын сақсырым, –

Сізді іздедім,

Исматулла мақсымым!

 

Хақ алқасын, бұзып көптің базарын,

Итін қосып талатса да қазағың –

Жүректерге сәуле үшкіріп назарың,

Арқалайсыз барша адамзат азабын.

Үмітімді –

Келеді деп Жақсы Күн,

Бір де үзбедім,

Исматулла мақсымым!

 

Мақсымымды, тақсырымды сақта, АЛЛА! –

Бар дұғам сол – тұрғанда да жатқанда!

Хақ тілегім, талып атқан ақ таңда:

Жалға бізді – Ғаффар уа Саттарға!

Бұлтты тіліп нажағайдай шапшыдың,

Ғәріп-ғашық –

Исматулла мақсымым!

 

«Жүсіптермен» алар демім бір менің! –

Мен оларсыз тірі сүлде – мүрдемін.

Саһардағы «ара зікір», – білгенім:

Темір торын турап жатыр Түрменің!

Жариялап – ПӘКТІҢ Шынын, ХАҚ Сырын,

Жарыққа шық,

Исматулла тақсырым!..

 

20 ПІКІРЛЕР

  1. МашаАллах адеми олен жазыпсыз! Таксырымыз жуз жасасын! Алланын нуры жаусын! Адаскандарга тузу жол табуды насип етсин! Ардайым осы хикмет жолы, таза жолдан жане зикир етуден бизди айырмасын!!! Сопылык жолды барша мусылманга насип етсин

  2. Мен Ербол таксырдан сабак алганем кырыктыктп;Сыздерге сурагым бар ед Светгали ага,исматулла таксыр быз кутып журген Махди (г.а) ба?… Олендерызден соны ангардым.. рас жасырмаи аитынызшы… Мен калып кеттып журмеиын….. Менын улкен арманым ед…. тагы сурактарым коп ед.сызден сурасам болама.? Ном.бере аласызба.? Отыныш… Менде аскери болмаса комекшысы болаиын

  3. Шетелден келип жаткан оралмандардын барлыгын тексеруден откизу керек. Озге елдин дастурин бизге акелип танбак.Ар елдин салты баска иттери кара каска деген. Мен оз пикирим шетелден бауырымыз деп шакырганша оз елиндеги казактардын жагдайын жаса.жер бер жумыс тауып бер жагдайын жаса.

  4. Светкали ага!Тилеген тилегиниз кабыл болсын! АМИН! Таза ЖУРЕКТЕН шыккан оленди тек кана таза Журек иеси гана кабылдай алады.Тусинбегендерге ренжемениз,олардын журек коздери ашылмаган.Журектери кара темирдей кап-кара.

  5. Жетисипсин Светкали….. Сени акын агамыз деп ардактап, улги тутатын едик, сенин улгин Исматулла екен гой! сапсиган сакалына болайын аксакалдын жасына жеткенде алжаскан….

  6. Мына өлеңге ТІСТЕП АЛҒЫҢ КЕЛЕДІ СҮЙІП ТҰРЫП деген жолдар ғана жетіспейді екен… Өкінішті-ақ шал ақындарымыздың өзі мынадай…

  7. өңшең жын иектегендер. Неге адастыңдар сонша? Құран мен суннетттің қай жерінде айтылған зіркілдеп зікір салып, трансқа кіріңдер деп? Намаз оқы, садақа беріп, шариғаттың шарттарын миларыңа тоқып жүрмейсіңдерме тып-ттыныш.

  8. Олардың жұмыс орны – бірінші адамның жүрегі; екінші, адамның миы. Осы екі жерде тұрып рух пен періште адамды түзейді. Осы екі жерде тұрып нәпсі мен шайтан адамды бұзады. АЛТЫНШЫ сөз мынау: рухтың тамағы бар. Ол – ғибадат немесе Аллаға құлшылық ету. Алла өзі Құранда былай деп баяндады: «Жаратпадым мен адам баласын және жындарды, мағаруф жараттым ғибадат қылу үшін». Бұл ғибадаттың мақсаты не? Алла айтады: мені тану үшін. Бұл ғибадат екі түрлі болады. Біреуінің кесулі шарты бар. Ол – исламдағы парыз. Ол шарттар мынау: әуелі кәлимәні қайыру. Бес уақыт намазды уақытында оқу. Жылына бір ай ораза тұту. Малы зекетке толса, зекет беру. Ақшасы үй қаржысынан артылса қажыға бару.

  9. етті. Осы орайда сан ғасырлар бойы қазақ даласында әулиелер сұлтаны атанған Қ.А. Иассауи негізін қалап, кеңінен таралған рухани ілімнің қайта жаңғыруына өшпес із қалдырған Исматулла Мақсұмның орны ерекше екенін атап өтуге тиіспіз. Исматулла Мақсұмның әкелген рухани ілімі қазақтың жоғалтқан рухани мұрасын қайта қалпына келтіріп, халықтың рухани оянуына қызмет ететіні сөзсіз. Маймақ ишанның артында қалған ұрпақтары да аталарының жолын қуып, имандылық жолын ұстаған. Бір баласы Әбдімәлік өмірінің ақырына дейін мұсылмандық іс-әрекетін атқарып өтсе, екінші бір баласы Әбдуәли атақты Ақмырза ишанның шәкірті болған Исматулла Мақсұм осы Әбдуәлидің баласы, Маймақ ишанның немересі болып келеді. Біз Маймақ ишанның өмір сүрген уақытын анықтағанда, немересінің пікірлеріне сүйендік. Исматулла Мақсұмның айтуынша, әкесі Әбдуәли Маймақ ишанның тоқалынан туған ең кенже баласы болыпты. Дүниеге келген уақыты 1907 жылдар шамасы. 1944

  10. Маймақ ишан туралы ел аузында сақталған әңгімелерде оның Меккеге екі рет жаяу қажылыққа барып қайтқандығы айтылады. Ол жас кезінен рухани ілім іздеп Самарқан, Бұхара қалаларындағы медреселерде ислам дінінің негізгі қағидаларын үйреніп, оқып қайтады. Елге келіп Қуаңдария бойынан мешіт салдырып, бала оқытады. Бүгінгі күні көзі тірі ұрпақтарының айтуынша Маймақ ишан ірі денелі, алып адам болған. Бүкіл ағайын-туыс арасында өте сыйлы, құрметке ие болды. Ағайынның жоғын түгендеп, басын біріктіру мақсатында күш-жігерін аямаған. Тамдыдағы Торбай ұрпақтарын Сыр бойына қайта көшіріп әкелуді көздеп, арнайы Тамдыға барып қайтқан. Ол жақтағы ағайындар үйреніскен жерлерін қимай елге келмей қалады.

  11. Маймақ ишан Маймақ ишан Сыр бойындағы бүгінгі күнге дейін белгісіз болып, аты аталмай келе жатқан әулие ғұламалардың бірі. Ол шамамен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келіп, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қайтыс болған. Шығу тегі: Маймақ – Қазантай – Шалқар – Шотырай – Сырлыбай – Бақай – Баба – Көшек – Нұртазалы – Зарлық – Торбай – Бозғұл – Шөмен. Маймақ ишан туралы жазылған тарихи мәліметтер мүлде жоқ. Мұндай жағдай қазақ даласынан шыққан рухани тұлғалардың бәріне де қатысы бар. Жергілікті жерлердегі дін иелері патша әкімшілігінің саясатын қолдамайтыны белгілі. Оның үстіне қазақ қоғамын негізгі ұйымдастырушы факторы ретінде ру басыларымен тығыз қарым-қатынаста болған әкімшілік аппарат рухани тұлғалардың рөлін мүлдем ескермеді. Әдейі қазақты дінсіз халық ретінде көрсету үшін ешқандай мәліметтер қалдырмаған. Осылайша, жергілікті жерлерден шыққан көптеген әулиелер тарих сахнасынан ысырылады. Алайда халықтың жадында өшпес із қалдырған рухани тұлғалар ұмытылмай сақталып қалды. Жергілікті жерден шыққан рухани тұлғалардың бірі – Маймақ ишан.

  12. Алдыңғы пікір иесіне!
    Сіз өзі ара болғанда да балы ем кәдуілгі ара емес, Оралхан Бөкейдің «Атау-кересіндегі» қатерлі будан шығарсыз. Олай болмасаңыз ақынның ішкі сезімі мен азаматтық көзқарасына құрметпен қараудың орнына, лас лепесіңізді арнамас едіңіз-ау. Енді сіздің Атажұртқа келген қазаққа тыжырынатын Ертісбаев «түкірген» аузыңыздан шыққан «ауған ауып келген» дегеніңізге келейік. Аз қазақтың әрбірі қадірлеуге лайық. Ал жеті атасынан дін ұстаған, қасиетті топырақта Қожа Ахмет Ясауи, Машекең (Машһүр Жүсіп), Шәкәрімдей әулиелердің рухани сүрлеуін тірілткен, дін ғұламасы Исматулла мақсым қандай да болмасын құрметке лайық. Оның жолын қазаққа жат санасаңыз, өзіңіздің де «қазақтығыңыз» күмәнді немесе «дін тазартқыш» уахабилердің психозына елткен боларсыз, бәлкім. Ол екі сорттан болмасаңыз, мойындауға өзімшілдігіңіз жібермей тұрған шығар.
    Қожа Ахмет Ясауи, Абай, Шәкәрім, Машһүр жолы қазаққа жат болса, басқа не қазақтікі болмақ?! «Зікір салғанды қай бабамыздан көргеніміз туралы» да аз жазылып жатқан жоқ. Естір құлақ болса. Тек қазақ жұртына емес, барша әлемге машһүр ғалым теология докторы Досай Кенжетайдың: » (Алқа зікір)- зікір салудың формасы ғана. Ол «чахар зарб», яғни, төрт жақтан ұру деген сөз. Жүректі зікірмен игеру методы. Психотехникалық тарихы терең әдіс. Оны бүгінгі сопылар ойлап тапқан жоқ ол бұрыннан бар, жахри тариқаттардың зікір салу формасы. Оның түрлері де көп, зикри арра, зикри халқа, зикри занги және т.б. жалпы жахри зікірдің отызға жуық түрлері бар.»- дегенімен шектелейік. Араның «шаққысы» келген Исматулла қаридің қадіріне жеткен зиялылар тек Светқали Нұржан емес, шүкір, баршылық. Қаридың кім екенін білгіңіз келсе қазақтың бүгінгі ақсақалдары Шерхан аға, Мекемтас Мырзахметұлы, Дидахмет Әшімхан және оны қолдап Ашық хатқа қол қойған басқа да арлы ғалымдардан сұраңыз. Кемел

  13. Ағайын, ауғаннан ауып келген, қазаққа жат сектаны қазақ жеріне әкелген, жастарымызды улаған адамнан «ұлт батыры» жасағаннан не ұтамыз…?
    Қай бабаңнан көріп едіңдер жынданған адам құсап «зікір» салуды?!?!
    Мынау ма құлшылық деген?
    Бұл жындыхана ғой?!?!

  14. Ағайын, ауған ауып келген, қазаққа жат сектаны қазақ жеріне әкелген, жастарымызды улаған адамнан «ұлт батыры» жасағаннан не ұтамыз…?
    Қай бабаңнан көріп едіңдер жынданған адам құсап «зікір» салуды?!?!
    Мынау ма құлшылық деген?
    Бұл жындыхана ғой?!?!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз