Медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі талқыланды
2017 ж. 14 қыркүйек
11994
0
Астана қаласында "Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы" АҰ базасында, Парламент депутаттарының, мемлекеттік органдардың, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының саяси партиялардың, сарапшылар қоғамдастығының, жекеменшік медициналық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен ҚР ПАрламенті сессиясыныңашылуында берген Мемлекет басшысының тапсырмасы тұрғысында "Міндетіт әлеуметтік сақтандыру енгізудің өзекті мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздің денсаулық сақтау саласын дамыту үшін медициналық сақтандыру жүйесінің прогрессивтілігін айта келе, ҚР Үкіметіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне барлық санаттағы азаматтардың тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды. Бірінші кезекте Елбасы медициналық көмекке қолжетімділік және «өзін-өзі қамтамасыз ету» санатына жататын 2,7 миллионнан астам қазақстандықтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу шарттары туралы мәселелерге ерекше мән берді.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаева осы реформаны құрайтын екі тарапты атады: бұл – денсаулық сақтау жүйесінің дайын екендігі және қоғамның ұсынылып отырған өзгерістерді қабылдауға әзірлігі.
Медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің алғышарттарын еске сала келе, ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудегі негізгі себептерге – денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындардың өсіміне тоқталды:
Дәл қазіргі демографиялық көрсеткіш халық санының өскендігін көрсетеді. Мәселен, туу көрсеткіші 10%-ға өсіп, өлім-жітім 27%-ға төмендеген. Сондай-ақ, өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа көбейіп отыр. Шамамен қазақстандықтардың орташа жасы 32 жасты құрайды.
Сонымен қатар, инфекциялық емес аурулардың ішінде бірінші кезекте жүрек-қан тамыры аурулары және онкологиялық дерттердің өсімі аңғарылады. Тағы бір айта кетерлік нәрсе – инфляцияның салдарынан жаңа жабдықтар мен дәрі-дәрмектер құнының қымбаттаған.
«Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің атаулы шығындары 2006 жылы 209 млрд. теңге болса, 2016 жылы 884 млрд. теңгеге жеткен. Яғни 4 еседен аса өскеніне қарамастан бұл шығындар деңгейі жалпы ішкі өнімге қарағанда жағымсыз үрдіске ие: 2009 жылы 2016 жылы 2,6%-дан 2016 жылы 1,9%-ға төмендеген. Бүгінгі күні кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін қаржыландыру 541 млрд. теңгені немесе қажеттіліктің 38%-ын құрайды, – деп атап өтті Л.Ақтаева өз баяндамасында.
Оның айтуынша, стационарлық медициналық көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызмет 61 млрд. теңгеге, консультативтік-диагностикалық қызмет 51 млрд. теңгеге, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету 41,9 млрд. теңгеге, онкологиялық қызмет 37 млрд. теңгеге жетімсіз қаржыландырылған. Сапалық өзгерістер үшін негізгі құралдарды жаңарту және медициналық қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын арттыруға қосымша 316 млрд. теңге қажет.
Нәтижесінде, тұрғын халық ақысыз көрсетілуге тиісті медициналық қызметтерге ақы төлеуге мәжбүр. Сонымен бірге халықтың «қалталық» төлемдерінің үлесі денсаулық сақтауға жұмсалатын жалпы шығындар құрылымында 2011 жылы 31% болса, 2015 жылы 39%-ға көбейген. Еуропа елдерінде «қалталық» шығындар үлесі 16,3%-ды, ЭЫДҰ елдерінде 19,6%-ды құрайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, пікір алмастыру алаңында сақтандыру медицинасын енгізу аспектілері туралы, тұрғындардың өзін-өзі қамтамасыз ететін бөлігінің медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу тәсілдемелерін қайта қарап, аталған санаттағы тұлғаларды еліміз экономикасына қатыстыру, бизнес жүктемесін жеңілдету, барлық мемлекеттік органдардың деректер қорын біріктіру және өзекті қылу, оның ішінде өнімсіз өзін-өзі қамтамасыз етушілерді толық қамту механизмдері талқыланды.
Анықтама үшін: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының деректері бойынша, 2017 жылдың 7 қыркүйегіне, аталмыш қорға жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерден түскен аударымдар мен жарналар шамамен 7,2 млрд. теңгені құрайды.
Көрсеткіштер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ағымдағы кезеңге күтілген болжамға сәйкес келеді.
Аударымдар мен жарналар төлеуде Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.
qazaquni.kz