ЕЛДЕГІ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2017 ж. 07 қыркүйек
15606
1
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру деген не? Бұл халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне және табыстарына қарамастан медициналық және дәрі-дәрмектік көмекте тең қол жетімділікке кепілдік береді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді? Бұл мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген. Осы ретте мемлекет экономикалық белсенді емес халық үшін жарналарды жүзеге асыратын болады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлер үшін. Салық органдарында тіркелген жұмыскерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар – өздері үшін. Осылайша, қаржылық ресурстарды тиімді бөлу қағидаты әрекет етеді – ортақ жауапкершілік негізінде кем мұқтаж неғұрлым мұқтажға «бүгін сен өзгелерге көмектесесің – ертең саған бәрі көмектеседі». Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің мақсаттары мен артықшылықтары: - Әртүрлі табыс деңгейі бар адамдарға сапалы медициналық көмекке тең қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін қаржы ағындарын қайта бөлу қажеттілігі. Шығыс Еуропаның көптеген елдері, Жапония, Корея дәл осындай үлгісін таңдады; - Өз денсаулығын нығайту және халықтың денсаулығын қорғау ауыртпалығын бөлу арқылы қоғамдық ынтымақтастыққа қол жеткізу; - Азаматтардың жеке (қалта) шығындары төмендеу кезінде денсаулық сақтауға жалпы жұмсалатын шығындарды ұлғайту мүмкіндігі. Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда азаматтардың медицинаға жеке шығындары 35% асады, ЭЫДҰ елдерінде – 20%. Осындай үлкен алшақтық қазақстандық отбасылардың әл-ауқатына қауіп төндіреді; - Сақтандыру мәдениетінің дамуымен, денсаулық сақтау саласындағы салық салу және тарату ашықтылығы айтарлықтай арттырылатын болады, бұл ретте бейресми төлемдердің өзектілігі төмендейді; - Медициналық көмектің бірыңғай пакеті және еліміздің әрбір тұрғыны үшін тең қол жеткізу; - Жоғары құзыретті және бәсекеге қабілетті медициналық ұйымдарды, жаңа технологиялар мен оқыту енгізуді көздейтін, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін жағдай жасау; - Әкімшілік шығыстар төмендеген кезде денсаулық сақтау жүйесінің жоғары тиімділігі. Жеткізушілерден медициналық көмекті сатып алу және өңірлер бойынша қаражатты бөлудің бірыңғай қағидалары. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаттары: - жан-жақтылық; - әлеуметтік әділеттілік; - ынтымақтастық. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қандай халықаралық тәжірибесі бар? - Сақтандырудың аралас моделін әлемнің 30 мемлекеті таңдады (Германия, Франция, Шығыс Еуропа елдері, Жапония, Корея,). Мысалы, Чехияда денсаулық сақтауға арналған шығындардың 80% міндетті медициналық сақтандыру жарналар есебінен жабылады, Францияда – 75%, Эстонияда – 72%, Германияда – 66% және т. б. Жұмыс берушілердің МӘМС жарналар мөлшерлемесі Германияда 7,3%, қызметкерлердің – 8,2%, Словакияда 10% және 4% тиісінше, Литвада 3% және 6% құрайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізу Қазақстан үшін денсаулық сақтау шығыстарын 2017ж – 28%, 2018ж -54% , 2019ж – 58% жабуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарнаны кім аударатын болады? Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қаржы-қаражаты жұмыс берушілер, жұмысшылар, азаматтардың өздерінің, сондай-ақ, әлеуметтік-әлсіз санаттағы және жұмыс істемейтін халықтың мемлекеттік бюджеттен сақтандыру жарналарының түсімдерінен құралады. Сонымен, халықтың әлеуметтік-қорғалмаған тобы үшін мемлекет 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4%, 2018 ж. бастап 5% , 2023 ж. бастап 6%, 2024 ж. бастап 7% аударатын болады. Жұмыс берушілер қызметкерлер үшін жарнаны 2017 жылдың 1-қаңтарында 2%-дан бастап, 2020 жылы осы көрсеткішті 5%-ға дейін жеткізеді. Қорына төленуге тиiс азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар және жеке тұлғалардың жарнасы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2%, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3%, 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап – 5%, қаңтар 2020 жылдың 1 қаңтарынан 7% құрайды. Мемлекет Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды кім үшін төлейді? Мемлекет «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 28-бабы 4-тармағына сәйкес азаматтардың 12 санатына ӘМСҚ аударымдарын жасайды: 1) балалар; 2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар; 3) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері; 4) мүгедектер; 5) жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар; 6) интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар; 7) техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы ЖОО кейін білім алып жатқан тұлғалар; 8) бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар; 9) жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар; 10) зейнеткерлер; 11) ең төменгі деңгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер; 12) уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар жатады. Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының қызметкерлері және басқалар жарналардан босатылған, бірақта медициналық көмекке құқылы. Сақтандыру ақшасы қайда жіберіледі? Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қамтылғандардың барлық аударылатын қаражаттары әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жинақталатын болады. Қор жасалған шарттар негізінде медициналық қызмет жеткізушілеріне төлемдер жасайтын болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру мүшелері қордағы жинақ көлеміне және жеке табысқа қарамастан, қызметке тең қол жеткізуді алады. Азаматтар мен денсаулық сақтау ұйымдары қызмет көрсету сапасы мен толықтығы бойынша қорына шағым жібере алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру негізгі қызметі Қор тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және Әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша стратегиялық сатып алушы қаржы операторының қызметін орындайтын болады. ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес азаматтарға медициналық қызметтер пакетінің екі түрі берілетін болады: Бірінші – базалық пакеті, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берген көлемін білдіреді. Бұл пакет Қазақстанның барлық азаматтарына қол жетімді болады. Ол мыналарды қамтиды: жедел жәрдем және санитариялық авиация, әлеуметтік маңызды аурулар және шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсету, алдын алу егулері жүргізіледі. Өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған халық үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен 2020 жылға дейін амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етуімен амбулаториялық-емханалық көмек ұсыну көзделген. Екінші сақтандыру пакеті – жаңадан құрылған медициналық сақтандыру Қорынан көзделген. Оған кіреді: амбулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар ауруларды қоспағанда), стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар ауруларды қоспағанда), қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім, жоғары технологиялық көмек көрсету. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қандай сақтандыру қызметтер пакеті қарастырылған? - «сақтандырылған» азаматтарды амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуімен амбулаториялық-емханалық көмек; - стационарлық медициналық көмек; - жоғары технологиялық медициналық қызметтер; - стационарды алмастыратын технологиялар; - ұзақ мерзімді мейірбике күтімі; - дәрілік препараттар. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қандай қызметтер көрсетілетін болады? -әлеуметтік маңызы бар ауруларды (туберкулез, психикалық аурулар және т.б.) емдеу; -шұғыл жедел жәрдем; -санитарлық авиация; -вакциналау. Бұл сақтандыру бар-жоғына қарамастан, барлық негізгі қызметтер жиынтығы болып табылады. МАҢЫЗДЫ! Мемлекет кез келген моделінде халықтың әлеуметтік осал топтарына медициналық қызмет көрсету үшін жауапты болып табылады Мемлекет Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қатысты қандай кепілдік береді? Мемлекет Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түсетін қаражаттың тұрақтылығы мен сақталуына кепілдік береді. Оның активтері тек қана Үкімет белгілейтін және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаратын қаржы құралдарына орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Қор өз міндеттерін өз табыстарына сәйкес қатаң қалыптастырады, сондай-ақ Әлеуметтік медициналық сақтандыру күтпеген шығыстарды жабу үшін резервтерін қалыптастыруды көздейді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылғандар үшін қандай медициналық мекемелерде қызметтер ұсынылады? Олармен Әлеуметтік медициналық сақтандыру келісім-шартын жасаған ұйымдарда. Бұл ретте келісім-шарт мемлекеттік және жеке мекемелермен жасалатын болады. Қор медициналық қызметтер жеткізушілерінің қатаң іріктеуін жүзеге асыратын болады. Барлық жеткізушілер үшін бірыңғай іріктеу шарттары болады. Және тек қана белгіленген талаптарға сай келетiндер, сақтандырылғандарға көмек көрсетеді. Осылайша, Қор өз мүшелеріне таңдау ұсынады – жеке немесе мемлекеттік медицина ұйымын. Медициналық сақтандырудың бар болуы қалай анықталады? Адамның медициналық сақтандыруы бар екенін білу үшін медициналық ұйымдағы қызметкерге оның ЖСН бірыңғай электронды деректер қорына енгізуі жеткілікті болмақ. Егер аударымдар жүргізіліп жатса, онда өтініш беруші адам сақтандыру ұсынатын қызметтердің барлық түрін пайдалануға құқығы бар. Егер жоқ болса, оған медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көмек көрсетілетін болады, ал қалған шығыстарын өзі төлейтін болады. Жұмыспен өзін-өзі қамтушылар, табысы төмен ауыл тұрғындары немесе ешқандай табысы болмағандар қалай қордың мүшесі бола алады? Жұмыс болмаған жағдайда, сіз жұмыспен қамту органдарында тіркеліп жұмыссыз мәртебесін алуға тиіссіз. Жеке кәсіпкерлер жергілікті салық органдарына тіркелу керек. Екінші деңгейлі банктер арқылы ең төменгі жалақының 2% көлемінде ай сайын жарналар аудару қажет. Мемлекет Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізуден медицина қызметкері не алады?
Бұл болашақта кірістің өсуімен тұрақты қаржыландыру, барлық бизнес-процестерді басқаруда дербестік, қағаз бастылықтан құтылу. Сондай-ақ, Мемлекет Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында пациент үшін бәсекелестік күшейтіледі, бұл жалақы деңгейін арттыруға және еңбек жағдайларын жақсартуға себеп болып табылады. Мемлекет Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізу жалпы практика дәрігерлерінің жүктемесін кезең-кезеңімен азайтуын, 1 учаскедегі 2000 адамды 1500-ге дейін, медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақысымен салыстырғанда кезең-кезеңімен ұлғайтуын көздейді. Мемлекет Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізуден күтілетін нәтижелері қандай? Мемлекет Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізуден халық үшін күтілетін нәтижелер: сапалы медициналық көмекке қол жетiмдiлiк, денсаулық сақтау жүйесі халықтың қажеттілігіне қолданылады, азаматтардың денсаулығын жақсарту және өмір сүру ұзақтығын ұлғайту, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету пакетін кеңейту.
qazaquni.kz