Ұстазы ВИЧ жұқтырған қоғамның оқушысынан не күтеміз?
2016 ж. 15 сәуір
2597
1
Қарағанды облысындағы білім жүйесінде педагогтар арасында АИВ жұқтырудың 47 дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АИВ-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталыққа сілтеме жасап.
"Қарағанды облысында АИВ-пен ауыру бойынша статистика шиеленіс туғызып отыр. 2016 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша өңірде АИВ жұқтырған 4415 адам және ЖИТС жұқтырған 920 адам тіркелген. Жұқтырғандардың ішінде балалар да бар - 51. 1971 адам қорғалмаған жыныстық байланыстан жұқтырған", - деп хабарлады орталықтың маманы Динара Балғымбекова.
"Айта кету керек, адамдардың бұл категориясы ешқашан есірткі мен алкоголь қолданбаған. Қазіргі уақытта жыныстық жолмен жұқтыру ушығып отыр", - деді Динара Балғымбекова.
"Біз АИВ туралы қорқытып айтпауымыз керек, алдын алу үшін айтуымыз керек. Жастарға некеге дейін міндетті түрде АИВ сынағынан өтуді жеткізу маңызды Бүгінде бұл уақытқа тәуелді тенденция", - деді маман.
Дерек көзі: tengrinews.kz