Омикронның бетін қалай қайтарамыз?
2022 ж. 30 қаңтар
1437
0
Үшінші жылға созылған «COVID-19» коронавирус індеті дүниежүзі мемлекеттері мен халықтарын әлі де ғаламат әлекке салып, миллиондаған адамдардың өлімі мен қатар экономикалық дағдарысқа тіреп, әлем халықтарын «бастарын көтеріп, бойларын жазуға» мұрша бермей келеді. Індеттің беті қашан қайтады деген үмітте болып келе жатқан титықтаған халықты тағысын-тағы қатемен үрейлендіріп, енді тіпті зәре-құтын қашырған пандемияның жаңа аса жедел тарайтын қауіпті түрі «омикрон» алғашында Оңтүстік Африка республикасында анықталып – қазір әлемнің барлық дерсің мемлекеттеріне тез арада тарап үлгерген. Осыған байланысты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ-ВОЗ) дабыл қағып, әлем мемлекеттеріне жедел түрде шектеулер шараларын қолға алыуды ұсынып отыр.
«Омикрон» індетінің басқа да қауіптілігімен қоса оның тіпті 32 мутациясы белең а лған. Омикронға ш а л д ы қ қ а н а д а м н ы ң күрт әлсіреуі осынау вирус түрінің ең басты сип а т ы б о л ы п с а н а л а д ы екен. Өйткені, оның адам жүйкесіне әсері аса басым екендігі анықталған. Сонымен, ға лым дардың болжауы бойынша қазіргі таңда «омикрон» індетінен төніп тұрған қауіп зор. А л к о р о н а в и р у с п е н (сонымен қоса «омикронм е н » ) к ү р е с т і ң а х у а л ы қандай? Әрине, 100 пайыз өте жақсы деуге тіліміз бармайды. Өкінішке орай, онымен ауырғандар саны мен адам шығынының беті қайтпай тұр. Оның себептері неде? Әуелі, көзге бірден шалынатын жағдаяттардан бастайық. Халық нақылы б о й ы н ш а , « Ә р п е н д е үш күннен кейін тозаққа да үйренеді? ». Әрине, жаратқан тозақтан сақтасын. Бірақ, осы коронавирус індеті басымызға әлі төніп тұрғанына қарамай, оған жұрттың көбісінің «бойы үйреніп, ойы түрленіп» сақтықты ұмытып кеткендері а н ы қ . А р а л а р ы н д а б а с сауғалап, «үрейі қашып, бұғып-сасып» жүргендер тіпті жоқ. Оған мысал көп. Мен бірнеше қоғамдық көлікке, автобустарға жиі отырып, мынадай көрініске куә болып келемін. Жүргінші, жолаушылардың 70 пайызының бетперделері (маскалары) жоқ. Ал оларды кигендерінің дұрыс пайдаланғандары да шамалы: мұрындарын қапсырып жаппай, тек ауыздарын ғана қамтыған. Ал вирустардың адамның ағзасына бойлауы осы мұрын саңлауларынан басталатыны кімге болсын белгілі болуы керек. Сонда, қазіргі қаулап кеткен аса қауіпті коронавирус індеті мен оның жаңа штамдары «дельта, омикрон» және тағысын-тағы түрлерінен келетін пәлелерге жұрттың басым көпшілігі немқұрайлы қарауында болып тұр. Олар ө з д е р і н і ң қ а у і п с і з д і г і н ойламаса да ата-анасы, туған-туыс, жақын-жуық жекжаттары мен достары, тіпті, ең құрымаса қазақстандықтарды, шет мемлекеттерден келген меймандарды ойлауы керек емес пе?! Осыны қаперге алған жөн. Бірақ, күмәніміз басым. Сондықтан, коронавирус пен оның штаммдарының алапат екпінін тежеу үшін біздің елде қандай шаралар тиімді болар еді? Осыған орай, қазіргі таңда уақытты оздырмайтын ең қажеттісі – республикамызда төтенше түрде «COVID-19 және оның штамдарымен дәйекті түрде күресу шаралары» атаулы Заң қауырт түрде қабылдануы уақыт пен жағдай талабы. Осы бағытта, қазіргі шақта қабылданып жатқан ережелерге қарағанда, Заңның құзіреті әлдеқайда жоғары және құқықтық пәрмені өте зор. Заңды азаматт а р қ ұ р м е т т е й д і , о н ы ң т а л а п т а р ы н м ү л т і к с і з о р ы н д а у ғ а т ы р ы с а д ы . Бұндай Заң қабылданып, күнделікті қолданысқа енбей, игілікті іс алға баса қоймайды. Осы Заңда жанжақты түрде коронавирус індеті қауіпі, оның зардабы, әр саладағы лауазымды қызметкерлер, жеке азаматтар мен қандай да болмасын мекеме басшыларының міндеттері және олардың қатаң жауапкершіліктері қаралауы тиіс. Сонымен қоса, қазірдің өзінде, аталған індеттің бетін қайтарудың бірден-бір тиімді шарты – онымен күрестің ережелерін бұлжытпай орындалу барысын күнделікті бақылау мен қадағалауды күшейту керек. Ережелерді бұзғандарға тиесілі айыппұл салып, теледидардан жиі көрсеткен дұрыс болар еді.
Нақыпбек СӘДУАҚАСТЕГІ,
заңгер- құқықтанушы, публицист
qazaquni.kz