Күнгейдің кілемі – Алматының төрінде
2017 ж. 01 шілде
2845
0

БИІККЕ КӨЗ ТІККЕН «БАЛ ТЕКСТИЛЬ»
«Бал текстиль» – кілем шығару ісін дамытуға үлес қосып отырған Қазақстандағы бірден-бір компания. Жұмысшыларының негізгі бөлігі жастардан құралған бұл ұжым ілкімді істері арқылы әлемдік нарықтың биігін бағындырып үлгерді. Ұжымның алдағы уақыттағы әрбір қадамына сәттілік тілейік. Менің ойымша, жоғары сапада жасалған қазақы ою-өрнектегі кілем әрбір үйдің төрінен табылуға тиісті. Сондықтан да, бәріңізді ұлысымыздың ұйытқысы атанған Оңтүстіктің өнімін, яғни отандық өнімімізді қолдауға шақырамын. Медеу ДІЛДАБАЕВ, «Оңтүстік арнайы экономикалық аймағының» басқарма төрағасы:ӨНДІРІСІ ӨРЛЕГЕН КӘСІПОРЫН
«Бал текстиль» компаниясы «Оңтүстік Қазақстан арнайы экономикалық аймағында» 2013 жылдан бастап, өз өнімін шығарған тұңғыш кілем фабрикасы. Компанияның қарыштап дамуы осынау ұжымның тізгінін ұстап келе жатқан Талғат Жүнісбекұлының іскерлігімен тікелей байланысты. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі алдағы уақытта да кәсіпорын көкжиегін кеңейту мақсатында қолдау білдіруді жүйелі түрде жалғастыра береді. Қазіргі таңда дамудың үшінші кезеңін бастаған бұл компания бұдан әрі өрлеп, дами беретіні сөзсіз. Баян ЫСҚАҚОВ, «Бал текстиль» фирмасының құрылтайшысы:БІЗДІҢ ЕЛДЕ КӘСІПКЕРЛІККЕ АЙРЫҚША ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
Бүгінде республиканың түкпір-түкпірінде сұранысқа ие болып отырған «Бал текстиль» өнімдерін әлемдік нарық түгелдей мойындады деп айтуға толық негіз бар. Шымкенттің кілемі десе, қырын қарайтындар кезігетін. Өйткені, біздің елімізде бұрындары кілем өндірісі бұлай дамыған жоқ. Ал, қазір Шымкенттің кілемі дүниежүзінің көптеген елдерінде сатылымға шығып, әлем назарын өзіне аударуда. Мұның өзі біздің ұжымның табанды еңбегінің жемісі деп білемін. Кәсіпкерліктің кең қанат жаюына біздің Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ерекше қолдау көрсететіндігін атап өткім келіп отыр. Мұндай қолдау ешбір елде жоқ деуге болады. Мен бұған әлемнің көптеген елдерін аралау арқылы көз жеткіздім. Жергілікті әкімдіктің осындай демеуі барда біздің заман талабына сай қарыштап дами беретініміз анық. Гүлмира САДЫҚ qazaquni.kz