«ЗЕРДЕ-КЕРАМИКА» БИІК БЕЛЕСКЕ БЕТ БҰРДЫ
2017 ж. 05 шілде
2226
0
Оңтүстік Қазақстан облысындағы керамограниттің өндірісімен айналысатын «Зерде-Керамика» кәсіпорны енді өнімнің санын анағұрлым арттырмақ. Өндіріс орны екінші желісін жыл соңына дейін іске қосып, өнім көлемін 2 миллионнан 4,5 млн. шаршы метрге жеткізбек. Сапалы өнім шығаратын зауыт өніміне бүгінде сұраныс артып отыр. Сондай-ақ, кәсіпорын өнім түрлерін көбейтпекші.
Алдымен бүгінге дейін Қазақстанда керамогранит өндіретін осындай кәсіпорынның баламасы жоқ екенін айтқанымыз орынды. Жоба импортты алмастыру жолында жұмыс істейді. Мұнда экспорттың үлесі 30 пайыз болса, қалған 70 пайызы еліміздің өзге облыстарына жөнелтілуде. Сондай-ақ, мұндағы шикізаттың 60% жергілікті болса, 40% шетелден тасымалданады. Адамның қолы мен күш-қуатын кәсіпорында автоматтандырылған жүйе алмастырған. Итальяндық қондырғы бар шаруаны – құрауыш шикізаттарды араластырып, дайын өнімді қаптауға дейін атқаруға қауқарлы. Ал техниканың күрделі қызметін 140 адам қадағалап отырады. Кәсіпорынның өнімі сертификатталған, СТ-KZ үлгісіне сәйкес, барлық еуропалық талаптарға жауап береді. Жергілікті өнім шетелдіктер мен отандық тұтынушылардың сеніміне ие болған, сондықтан да сұраныс жоғары.
qazaquni.kz