ОН ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ЖЕҢІС
2017 ж. 05 шілде
1747
1
Азат Перуашев: «Бизнесте айқын нәрселерді дәлелдеу үшін талай жылдар кетеді, мәселен, жалған кәсіпкерлік бабын алып тастау үшін он жыл жұмсалды» деді өткен Мәжілістің отырысында. Осы уақыт аралығында «Ақ жол» фракциясы Үкіметте бұл мәселені отыздан аса мәрте көтеріпті. Қылмыстық кодексінен 215-ші «Жалған кәсіпкерлік» бабын алып тастау нормасы биылғы маусымның 7-сінде Мәжілісте қабылданып, Сенатқа жолданғаны белгілі болды.
Ол сондай-ақ, квазимемлекеттік секторының сатып алу тәртібін ретке келтіру бойынша мемлекеттік органдармен көпжылдық даулары туралы айтып берді. Мәселен, ол Үкіметтің 2016 жылға арналған бюджеттің орындалуы туралы Есебін қарау барысында, Парламент депутаттары мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алу саласын қатты сынағанын еске салды: «Бұл мәселе 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан кейін тұтыну нарығы айналымының күрт төмендеуі кезінде, корпоративтік нарық бизнестің негізгі табыс көзіне айналуына шақ қалған кезде қатты көңіл бөліне бастады» деді партия жетекшісі.
«Ақ жол» көшбасшысы сондай-ақ фракция бірнеше рет (2013 жылдың 6-шы қарашасы мен 18-желтоқсанында, 2014 жылдың 24-ші маусымында, 2015 жылдың 11-ші ақпаны мен 11-ші қарашасында, 2016 жылдың 27-ші сәуірінде) Үкіметке квазимемлекеттік секторда сатып алу рәсімдерін реттейтін заң әзірлеуді ұсынғанын еске салды. Және Үкіметтен үш рет қанағаттанғысыз жауап алынған.
«Бірақ, Үкіметтің кешегі отырысында, төрт жылғы талқылаудан кейін, ақыр соңында мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алуын реттейтін заң жобасы таныстырылды, ол күзде Үкіметке берілуі тиіс. «Ақ жол» фракциясына осы оқиғамен отандық бизнесті құттықтау ғана қалып тұр. Егер, Қылмыстық кодекстен жалған кәсіпкерлік туралы бапты алып тастауды «Ақ жол» партиясы мен «Атамекен» палатасы 2007 жылдан бастап талап етіп, және Үкімет оған тек биыл ғана келісіп, он жыл жұмсалса; квазимемлекеттік секторының сатып алу саласындағы заң үшін күрес «бар болғаны» төрт жыл уақытты алды, – деді депутат. – Бір жағынан, мұндай сылбырлық алаңдатады, ал екінші жағынан, біздің табандылғымыз оң нәтижелер әкелетіне көз жеткізудеміз, бұдан бизнес те, қоғам да ұтады».
Сөйлеген сөздің толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: http://akzhol.kz/ru/news/show/11980/58/64