ТОҚЫМА ӨНДІРІСІНЕ ТЫҢ СЕРПІН
2017 ж. 18 маусым
2086
0
2017 жылы 31 қаңтарда жарияланған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасының жолдауына сәйкес, ҚР Инвестиция және даму министрлігі инвестициялық қызметті көтеруге тиіс алғашқы бағыттарды белгіледі. «ҚР АЭА-на инвестиция тарту жұмыстарын күшейту» - осы алғашқы бағыттардың бірі болып табылады.
Елбасының Жолдауын іске асыру мен ОҚО-ның инвестициялық тартымдылығын дамыту мақсатында аймақ басшысы Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» 2017 жылдың 1-6 маусымы аралығында ҚХР-ға ресми іс-сапарымен барып қайтқан болатын. Қазақстандық делегацияның құрамында «Оңтүстік» АЭА БК» АҚ басқармасының төрағасы М. Ділдәбаев, «Оңтүстік» АЭА БК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары А. Тұрсынғалиев, «Шымкент» ӘКК ҰК» АҚ басқарма төрағасы А. Алдажаров болды. Іс-сапар барысында ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін келіссөздер жүргізіліп, Сяньян тоқыма өнеркәсіптік «Синьсин» паркі «Оңтүстік» АЭА» текстиль саласын дамыту мақсатында ресми өкілдігін ашу туралы меморандумға қол қойылды. Осылайша, таяу уақытта ҚХР-дағы «Оңтүстік» АЭА өкілдігі өндірістік қабаттың жаңа мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ жалпы елдер арасындағы инвестициялық ахуалды жақсартуға және маңызды инвесторларды тартуға бағытталған инвестициялық, инновациялық өндірістерді іске қосу жұмыстарын бастайды. Бірлескен қызметке алғашқы қадам жобалық іске асыру құны 100 млн. АҚШ доллары болатын «Сяньяндік тоқыма корпорациясы» АҚБ жіп иіретін фабрикасын салу болатын. ҚХР аумағындағы 11 000-нан астам адам жұмыс істейтін «Синьсин» («Xinxing») - Сяньяндік тоқыма өнеркәсіптік паркі ҚХР-дағы ең ірі өнеркәсіптік аймақтардың бірі болып табылады. Жер аумағы бойынша 10 000 гектарды құрайды. Тоқыма өнеркәсібі саласындағы жобаларды жүзеге асырып, сондай-ақ өндірістік парк ретінде басқа да салаларда өз қызметін жүргізеді. Өндірістік аймақта өнім мүмкіндіктерін іске асыратын «Zara», «Pierre Cardin», «Massimo Dutti», «Hugo Boss», «Pull&Bear» сияқты ірі брэнтік корпорациялар жұмыс істейді. Сондай-ақ, парк резиденттердің бірі дүниежүзілік автопром паркінің көшбасшысы «KIA Motors Corporation» компаниясы болып табылады.
qazaquni.kz