Елбасы Шымкенттегі «Gold Aluminum» жұмысымен танысты
2017 ж. 05 мамыр
2160
1
Елбасымыз Н.Назарбаев Оңтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапарының барысында Шымкент қаласындағы терезеге арналған алюминий бұйымдарын жасайтын «Gold Aluminum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тыныс-тіршілігімен де жете танысты.
Сондай-ақ, ақпараттық стэндтер мен экспозициялық үлгілерді көріп, кәсіпорынның жұмыс жоспарлары жөнінде мәлімет алды. – Жеке өндіріс ашып, импортталатын тауарлардың орнын басу – еліміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңіндегі маңызды міндеттің бірі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
2014 жылы Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған кәсіпорын бүгінде өз өнімдерін таяу шетелдерге экспорттауда. «Gold Aluminum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2016 жылы 750 тоннаға жуық алюминий бұйымдарын шығаруға қол жеткізген. Компания қызметкерлерімен әңгімелескен Мемлекет басшысы олардың ісіне табыс тіледі.
qazaquni.kz