Аянбай тер төккен түрлі сала мамандарының жұмысы еленді
2017 ж. 23 қаңтар
3339
7
Нұралы Әбіш пен Талғат Ысқақов басқаратын серіктестіктер өңірде үздік деп танылды
Жыл бойы аянбай тер төккен түрлі сала мамандарының жұмысы ескерілді. Тыңнан түрен салған 50-ден астам еңбек ұжымы жыл қорыиындысы бойынша шаттыққа бөленді. Шымкентте үздік еңбеккерлер марапатталды. Арасында ақын-жазушылар мен кәсіпкерлер және қарапайым жұмысшы да бар, - деп хабарлайды 1tv.kz.
Марапатталғандардың қатарында белгілі кәсіпкер Талғат Ысқақовты (суретте) атауға болады. Елімізде кілем өнімдерін шығаратын оның компаниясы биыл да үздіктер қатарынан көрінді. Қазір, кәсіпорын 100-ден астам өнім шығарып, оны отандық және шетел нарығына шығарып отыр. Биыл ол бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауыл жастарына спорттық кешен салып берді.
«Спорт кешенінде біз ескі хзалды күрделі жөндеуден өткіздік, жаздық спорт алаңшасын салдық. Бұл спорт кешеніне біз 25 млн теңге қаражат жұмсадық» — дейді кәсіпорын жетекшісі.
Оңтүстік Қазақстан облысы аграрлы аймақ. Мұнда ауылшаруашылық саласы жақсы дамыған. Соның ішінде төрт түліктің санын көбейту, ірі қараны семіртіп, ет дайындау және сүт өңдеу сынды бағыттары қанатын кеңге жайып келеді. Нұралы Әбіш (жоғарыдағы суретте) басқаратын серіктестік биыл өңірде үздік деп танылды. Кәсіпорын тәулігіне 9 тоннаға дейін сүт өңдейді.
«Сүт тауарлы фермасы, қазірдің өзінде 8-9 сүт өндіріп жатырмыз. Мұның бірін бәскелестікке төтеп беріп жұмыс істеу үшін ең соңғы технология қажет. Қазір біздің фермамыз еліміздегі ең алғашқы орында тұр. Сол еңбегімізді бағалап, бізге жылдың ұздік кәсіпкері деген атақ беріп отыр» — дейді үздік кәсіпкер Нұралы Әбіш.
Еңбекпен тапқан нан тәтті. Осы күні өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан үлесі үшін бір топ еңбеккерлер марапатталды. Олардың әрқайсысы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолынан лайықты сыйлық алды.
http://1tv.kz/kz/wp-content/uploads/2016/12/30-12-16uzdik.mp4