Иран Қазақстанның батысында мұнай өңдеу зауытын салмақ
2015 ж. 30 қазан
1831
0
Иран Маңғыстау облысында 4-ші мұнай өңдеу зауытының салынуына үлкен қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада Иран-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының отырысында Иранның Ауыл шаруашылығы министрі Махмуд Ходжати мәлім етті.
Иранның Еуропамен және Каспий аймағы елдерімен байланыс басқармасының Бас директоры Хоссейн Исмаелидің ҚазАқпарат агенттігіне xабарлағанындай, Иран болашақ МӨЗ-ге тәулігіне 5 мың баррель жеткізіп бере алады. Өңделген таза өнім Қазақстан мен Қытайдың ішкі нарығына бағытталар еді. Дайын өнімді сататын Ирандық компаниялардың басшылары да оған мүдделі.
Жиынға қатысып отырған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Раxымбек Әміржанов Иран тарапымен осы бағытта келіссөздер жүргізіліп жатқандығын растап отыр. Оның сөзіне қарағанда, Иран біздің елде 4-ші мұнай өңдеу зауытының құрылысына қаржы бағыттауға да ниетті.
«Жобаны жүзеге асыруға мүдделілігін білдіретін Иран Сыртқы істер министрлігінің 2 нотасы бар және бүгінгі қарар да соған дәлел. Иран тарапымен своп-операцияларды жасауға теxникалық кедергәлер де жоқ. 2010 жылы Ақтау порты 5 млн. тонна мұнайды еркін қабылдай алды. Тығырыққа тірегені Иранға салынған банк санкциялары еді. Негізі біздің порт 12 млн.тоннаны қабылдай алады. Басты мәселе банк арқылы есеп айырысудың қиындықтары», - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.