Маңғыстау облысында полимерлі-түрлендірілген битум өндірісі басталды
2015 ж. 27 қазан
2230
0
Бүгін «CASPI BITUM» БК” ЖШС” Ақтау битум зауытында сапасы ҚР ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес келетін түрлендірілген битумның алғашқы тәжірибелік-өндірістік топтамасының шығарылымы жүзеге асырылды.
«CASPI BITUM» БК” ЖШС” бас директоры Чэнь Юннің сөзіне қарағанда, аталмыш әдіс зауыт мамандарының бастамасымен әзірленген.
- Түрлендірілген битум өндіру мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен әзірленді және “Нұрлы жол” Жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру аясында Қазақстанда салынып жатқан жаңа автокөлік жолдарының төзімділігі мен сенімділігінің басты шарты болады. Жаңа өнім автокөлік ұйымдарының пайдаланылу шығындарын төмендете отырып, Қазақстанның күрделі табиғи-климаттық жағдайлар бойымен созылып жатқан автокөлік жолдарының құрылысы үшін пайдаланылады, - деп баяндайды «CASPI BITUM» БК” ЖШС” бас директоры Чэнь Юн7
Түрлендірілген битум SBS полимерлі компонентін Қаражанбас кен орнының құрамында қазба шайыры көп мұнайдан өндірілетін мұнайлы жол битумының құрамына қосу арқылы алынады.
- Полимердің болуы жол төсемінің жұмысшы температурасының ауқымын оның қарапайым түрлерімен салыстырғанда 100°С-ге дейін арттырады және беріктігін ұлғайтады. Бұл жолдың беткі төсеміне динамикалық және температуралық жүктемеге орнықтылық, иілгіштік береді, автокөліктер қозғалысы барысында оның пішінінің өзгеруінің алдын алады.
- Бүгін біз полимерлі-түрлендірілген битумның алғашқы тәжірибелік топтамасының шығардық. Полимерлі-түрлендірілген битумды өндіру бойынша құрылымның жобалық қуаттылығы жылына 120 мың тоннаны құрайды. Аталмыш жоба біздің автокөлік жолдарымыздың сапасын арттыруға бағытталған, - деп хабарлады «CASPI BITUM» БК” ЖШС” бас директорының орынбасары Данияр Сатыбалдин.
Осылайша, 4000 шақырым автокөлік жолдары жолдардың беткі төсемдерінің қызмет ету мерзімін 1,5-2 есеге ұлғайтатын жаңа полимерлі-түрлендірілген битуммен жабылатын болады.
Анықтама үшін: «CASPI BITUM» зауыты - тепе-теңдік негізінде құрылған «КМГ-ПМ» АҚ мен «СИТИК Казахстан» ЖШС-ның бірлескен кәсіпорыны (үлес салмағы: 50% де 50%). Ақтау қаласындағы битум өндіру зауыты 2013 жылдың желтоқсан айында республиканың автокөлік саласының жоғары сапалы отандық жол құрылысы материалдарына сұранысын қамтамасыз ету үшін ҮИИДМБ аясында пайдалануға берілген болатын. Битум өндіру шикізаты Қаражанбас кен орнынан өндірілетін мұнай болып табылады. Түрлендірілген битум биылғы жылы Атырау МӨЗ-де шығарылатын “КМГ-ПМ” АҚ кәсіпорны игерген мұнай өңдеудің жаңа өнімдерінің тізіміндегі риформат, бензол және параксилолдан кейінгі төртіншісі болып отыр.
Mangystau Online ақпараттық орталығы