Маңғыстау облысының көлік-логистика саласы қарқынды дамып келеді
2015 ж. 17 қыркүйек
2122
0
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында А.Айдарбаев Елбасына өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының көлік-логистика саласы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өңір экономикасын әртараптандыруды жалғастыру қажеттігін айтты.
Дереккөз: Қазақпарат