Досаев теңгенің қанша пайызға құлдырағанын айтты
2021 ж. 12 қаңтар
1796
0
Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев теңгенің 2020 жылға арналған бағамы туралы есеп берді. Оның айтуынша, 2020 жылы теңге дағдарыс аясында 10 пайызға әлсіреген, - деп хабарлайды baq.kz.
2020 жылдың желтоқсанында теңгенің айырбас бағамы бір пайызға, яғни бір доллар үшін 420,91-ден 425,07 теңгеге дейін өсті. Жалпы алғанда, 2020 жылы ұлттық валюта дамушы елдердің басқа валюталарымен қатар инвесторлардың тәуекел активтерінен шығуына әкелген коронавирустан туындаған дағдарыс аясында әлсіреді,- деді Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, Бразилия реалы 29,0%-ке, түрік лирасы 25,0%-ке, ал Ресей рублі 19,3%-ке әлсіреген. 2020 жылы теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 382,60 теңгеден 420,91 теңгеге дейін 10,0%-ке әлсіреді.
Теңгенің айырбастау бағамы наурыздағы 448,5 теңгеге дейінгі құлдырауын біршама артқа қалдырып жылды жапқанын атап өту маңызды. Биылғы 11 қаңтарда биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша айырбастау бағамы айдың басынан бері тағы да 0,4%-ке нығайып, бір АҚШ доллары үшін 419,18 теңге болды,- деді Ұлттық банк төрағасы.