Zoom бағдарламасының негізін қалаушы бір күнде 6,6 миллиард доллар пайда тапты

Zoom негізін қалаушы Эрик Юаньның байлығы 24 сағат ішінде 6,6 миллиард долларға жетті.

Акциялар бағасының өсуіне компанияның дүйсенбідегі тоқсандық кірістің өзгеруі туралы жариялауы және сатылымның өсуі туралы болжамы әсер етті, - деп хабарлайды stan.kz.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, 50 жастағы Эрик Юанның байлығы 23 миллиард долларға дейін артқан.

Amazon.com Inc компаниясының Джефф Безос шілдеде өзінің байлығын бір күнде 13 миллиард долларға арттырды, ал Илон Маск өткен айда 24 сағат ішінде 8 миллиард доллар қосты.

Zoom коронавирустық пандемиядан айқын пайда тапқандардың бірі болды, өйткені кәсіпорындар мен білім беру мекемелері қосымшаны қашықтан жүру үшін белсенді пайдаланады.