Бизнеске кедергі келтіру өте ауыр қылмыс ретінде қаралады - Президент
2020 ж. 01 қыркүйек
1367
1
Бизнеске кедергі келтіру өте ауыр қылмыс ретінде қаралады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Келесі жылдың барысында шағын және орта бизнес қызметінің жаңа құқықтық базасын әзірлеуді тапсырамын. Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік құрылымның кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендер жұмысына кедергі келтіру жағдайы мемлекетке қарсы өте ауыр қылмыс ретінде қабылдануы керек», - деді Мемлекет басшысы.