Ғалым мал шаруашылығындағы негізгі күрделі мәселелерді атады
2020 ж. 13 тамыз
5144
0
Қай елдің де болмасын ауыл шаруашылығы саласының азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысында алар орны ерекше болып есептеледі. Осыдан да болар, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев тұңғыш халыққа жолдауында ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану негізінде мал шаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламасын жасау қажеттілігі туралы айтқан болатын.
Бұл, ел экономикасында да маңызы жоғары мәселе бойынша ойымды айтпас бұрын, өткенге біршама шегініс жасауға тура келеді.
«Найзаның ұшымен, білектің күшімен» дегендей, ата-бабаларымыз көшіп, қонып жүріп мал шаруашылығы кәсібінің арқасында кең байтақ жерімізді, тілімізді, дінімізді қорғай, ерекше құндылықтары жетерлік ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарымыздың да негізін қалыптастырды. Мысалы, бүгінде ұлттық брендімізге айналған, басқа ұлт өкілдері тамсана қабылдайтын мал өнімдерінің түрлі ұлттық тағамдардың өзі неге тұрады.
Абылай хан бабамыз да:«Қазағыма мал емуді үйретіп, жер емуді үйрете алмадым» деп жай айтпаса керек, яғни бұл да сонау ерте кезден бабаларымыздың мал шаруашылығын заманына сай машықтана меңгергенін көрсетсе керек. «Малдың жайын баққан біледі» дегендей, ол кезде ата-бабаларымыз малдың обалына да қарап күтіп баққан, сондай-ақ, өнімділігін арттыруда, түрлі аурулардан емдеуде, қоңдылығын анықтауда, кейінде ғылыми тұрғыда да қолдау тапқан озық тәжірибелер мен кәсіби біліктіліктің қыры мен сырын ғажап игерген ғой. Мысалы, қыс айларында жылқы табынын иіріп (қайтарып) бақпаған, еркіндік беріп , соңынан қосымен еріп жүрген, сауын, малдардың сүттілігі тілінде, «Уызында жарымаған, оңалмайды» деп ірі мал бастары мен төлдерді толыққанды азықтандыру ерекшеліктеріне , мал бастарын сұрыптағанда бірінші кезекте өміршеңдік, төзімділік қасиеттеріне аса көңіл бөлген.
Менің бұл жәйттерге арнайы тоқталу себебім, басқа салаларға қарағанда мал шаруашылығының даму деңгейі бірінше кезекте мал бастарының табиғи талғамдарының қанағаттандырылуына тікелей байланысты болатындығын айту, өкінішке орай бұл жағдай бүгінде ескеріле бермейді. Сонымен ата-бабаларымыз көшіп-қонып жүрген уақыттағы мал шаруашылығының маңыздылығы, оның ата кәсіп болып қалыптасу кезеңі болғандығында десек, заманына сай айтарлықтай жетістіктерімен ерекшеленді.
Кешегі Кеңес заманынде ата кәсіптің заманауи, ғылыми- өндірістік жетістіктермен, озық технологиялармен толықтырылу сатысы болды деп айтуға болады. Соның айғағы болса керек, еліміз ССРО құрамында ауыл шаруашылығы саласы бойынша Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды тұрақты иеленді. Ауылдық аймақтар ерекшеліктеріне сай келетін құнды мал тұқымдары мен түрлері шығарылды. Мал шаруашылығы өндірісін механикаландыру, қол еңбегін жеңілдету, ауыл еңбеккерлеріне тиісті әлеуметтік - тұрмыстық жағдайлар жасау, ауыл мен қала арасында тығыз өндірістік қарым-қатынасты қалыптастыру бағыттарында көптеген игі іс-шаралар атқарылды. Сүтті ірі қара, құс, шошқа шаруашылықтары бойынша ірі өндірістік комплекстер салынды. Жайлымдық, суармалы жерлер мал азығы қорына негізделген мал шаруашылығы кеңінен өріс алды, мал бастары қарқынды өсті. Бір сөзбен айтқанда, ауылдың көркі жадырай түсті. Мысалы, шопандар ауылдарындағы кешқұрым жамыраған қошақандар шуы, қой қырқымындағы, сүт фермаларындағы моторлар гуілдері, жайлаудағы авто дүкендер, концерттік бағдарламалар мен кино қойлымдары ауылға «ауылым» дейтіндей мәртебе беріп тұратын. Менің бұл көрністен түсінгенім «мемлекет малшыларды, малшылар малдарды бақты» деп айтуға болады, осыдан да болар қалай болғанда да, бұл кезең елімізде мал шаруашылығының бір шарықтау шағы атанып, көпке дейін ұмтыла қоймайтын сияқты. Дегенмен де, қоғам дамиды, талғамдар өзгереді, әр нәрсе өз кезінде дегендей, кейінгі кездегі көптеген экперименттік тәжірибелер де әсер етті ме, (совхоз директорларын сайлау, ұжымдық шаруашылықтар құру, т.б.) мемлекеттік ауыл шаруашылығы құрлымдарынан (совхоздар) береке кете бастады, шаруашылық басшылары, мамандары тарапынан жауакершілік төмендеді, жалған ақпараттар беру фактілері жиі көрніс тапты, мемлекеттік мал-мүліктерге иелік нашарлады, өндірген өнімдердің сапалық көрсеткіштері төмендеді, өңдеу кәсіпорындарына жеткенше көптеп ысырапқа ұшырады. Сондықтан да, жаhандық экономиканың үдеріске де сай, елімізде ауыл реформасының қажеттілігі күман келтірмесе керек. Мемлекеттік шаруашылықтар (совхоздар) жекешелендіріліп, ауыл тұрғындарына, мал-мүліктері келешек жеке шаруашылықтарын ұйымдастыру үшін тиісінше тегін берілді, ірілі-ұсақты жеке шаруашылық құрлымдары пайда болды, оларға толықтай еркіндік берілді. Бұл ауқымды іс-шаралар нәтижесінде біршама келеңсіздіктерге тосқауыл қойылды, мал өнімдері нарығында бәсекелестікке жол ашылды. Мемлекет тарапынан ауылда нарықтық қатынастың қалыптасу кезеңіне деп, көптеген көмектер мен қолдаулар жасалды, бұрынғы мемлекеттік шаруашылықтар қарызы жойылды, салықтық, несиелік көмектер түрлері қарастырылды, мал шаруашылығын субсидилау тетіктері жасалып, бұған қаржы көлемі жыл сайын артты. Мал шаруашылығы өнімділіктерін жақсарту мақсатында шет елдерден асыл тұқымды мал бастары тасымалданды. «Жер кодекі», «Ауыл шаруашылықтарық кооперативтері», «Асыл тұқымды малдар» туралы ҚР заңдары қабылданды, былайша айтқанда еліміздің мал шаруашылығы саласының нарықтық экономикаға бейімделуіне қажетті жағдайлар жасалды. Осы іс-шаралардың арқасында ішкі азық түлік нарығы мал өнімдерімен айтарлықтай толықты, өнімдер өндірушілер мен тұтынушылар үшін тиімді байланыстылық жүйесі қалыптасты.
Дегенмен де, бүгінде әлемдік экономикалық дамудың негізгі көзі саналатын жер асты қазба байлықтары қорының шектеулілігі, нарықтағы бағаларының жиі құлдырауы, сондай-ақ, Біріккен Ұлттар ұйымының таяу кезеңде әлемде халық санының артуына сай, жер шарының кейбір аймақтарында азық-түлік тапшылығы болатындығы туралы болжамы аясында ауыл шаруашылығы өндірісі келешекте басты экономикалық қозғаушы күшке айналатын сияқты. Демек, әлемде жер көлемі бойынша 9 орынды иеленетін біздің еліміздің ауыл реформасынан кейінгі мал шаруашылығы жағдайы қаншаға лайықты дамып келеді деген сұрақтың маңыздылығы еш күман келтірмесе керек. Сонымен, жүргізілген ішнәра сараптау жұмыстары елімізде мал өнімдерінің басым бөлігінің маусымдық сипаттағы, экстенсивті өндірісімен ерекшеленетін шағын, жеке қосалқы, отбасы шаруашылықтары еншісінде екендігін көрсетеді. Бұған қоса мал бастарының қанағаттанғысыз азықтандырылу жағдайлары бүгінде мал шаруашылығы саласының бірден-бір басты проблемасына айналып отырған сияқты.
Айтарлықтай тиімділіктерімен ерекшеленетін шалғай жайлымдық , суармалы жерлер негізіндегі мал шаруашылығы өріс алмай отыр, тастанды жерлер көлемі артуда. (189 млн.га жайлымдықтың жартысына жуығы пайдаланылмайды). Мал шаруашылығы саласын мемлекеттік субсидиялау тетіктерінің тиімділігі төмен, нарықтағы мал өнімдері бағалары тұрақсыз, жиі көтеріледі, импорттық өнімдерге тәуелділік жоғары болып отыр. Шет елдік мал тұқымдарына еліктеушіліктен, отандық мал шаруашылығы өндірісі мүмкіндіктері пайдаланылмай келеді. Демек, бүгінгі мал шаруашылығы саласындағы басты деген проблемаларды, маңыздылығы ретімен айтар болсақ, олар: тиімді шаруашылық жүргізу және жетімді, құнарлы мал азығы қорын жасау үлгілерінің (тетіктерінің) қалыптаспауы, субсидилау жүйесінің жетімсіздіктері және еліміз аймақтары бойынша өсіруге оңтайлы, тиімді мал тұқымдары мен түрлерінің нақтыланбауы болып отыр. Осы орайда, ғылыми-өндірістік еңбек жолымда, басшылығыммен, қатысуыммен атқарылған ғылыми- тәжірибелік жұмыстар нәтижелері аясында, жоғарыда аталған проблемаларды шешу іс-шаралары туралы айтуды мақсат еттім.
Осыған орай, шағын, жеке қосалқы, отбасы мал өнімдерін өндіруші құрлымдарының және шалғай жайлымдықтарды игеруге тиімді шаруашылық жүргізу үлгілерін (модели хозяйствования) анықтау мақсатымен үш жылдық ғылыми бағдарлама аясында, Ақмала, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары ауылдық аймақтарында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, зерттеу жұмыстары жекелеген шағын, жеке қосалқы шаруашылықтары (келісімдерімен), қызметтеріне сараптамалар жасау, ауыл тұрғындарымен пікір алмасу, сауалнамалар жүргізу тәсілдерімен атқарылды. Мысалы, сауалнама қортындылары бойынша, орта есеппен 12% отбасы шаруашылықтары өндірісін кеңейте, негізгі күнкөріс көзіне айналдыруға болады десе, 40% бұл кәсіппен айналысуға құлықты емес екенін, ал жартысына жуығы - отбасы сұранысын қанағаттандыруға ғана ниетті екенін айтты. Бұндай көзқарастың қалыптасуын ауыл тұрғындарының 52,6% ы, өнімдерді сату мүмкіндігі мен бағасының шектеулілігімен, ал 50,6% - мал азығы қымбатшылығымен байланыстырды.
Сондай-ақ, ірі шаруашылық құрлымдарының экономикалық қана емес, әлеуметтік тұрғыдағы да құндылықтары туралы пікірлер көптеп айтылды. Сауалнама қойылғандардың басты назары жергілікті ауыл шаруашылығы өндірісін қайта қалпына келтіре дамытуға бағытталды.
Сонымен, аталған ауылдық аймақтардың әр өңірінен үш ауылдық округтер бойынша жеке қосалқы, отбасы шаруашылықтары негізінде ауыл шаруашылығы кооперативтерінің, бір жеке қосалқы шаруашылық - кіші кәсіпкерлік субъектісіне ауыстыру (трансформация – жекелеген шағын
шаруашылықтарды, өндіріс көлемін ұлғайтуға көмектесе, қызметтерін ресімдеу) үлгілері және шағын балама энергия көздерін (күн, жел қуаттары) пайдалану арқылы шалғай жайлымдықтарды игеру қанатқақты жобасына (бұл іс-шара бұрында атқарылып, пайдаланылмай тұрған нысан болатын) сараптамалар жасалды.
Атап айтқанда, шағын, жеке қосалқы, отбасы шаруашылықтары негізінде құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтері мүшелерінің өндіріс құралдарына, мал-мүліктеріне, жерлеріне меншіктік құқығын сақтай, өнімдерін өткізуде, мал азығын дайындауда, материалдық-техникалық жабдықталуда, мал бастары өнімділіктерін жетілдіруде бірігіп іс-қимылдар атқаруы қарастырылған.
Сонымен, орта есеппен бір ауылдық округ аумағында ауыл шаруашылығы когоперативінің қалыптасуы, яғни материалдық техникалық жабдықталуы үшін, (2017 жылғы тенге құндылығымен) 250-350 млн. тенге қаражат қажет, болжамдық шаруашылық тиімділігі 25-40% болады. Осы орайда, ауыл шаруашылығы кооперативтері қарқынды дамыған Германияда бұл іс-шараның тікелей мемлекеттің араласуы, қолдауы, көмектерінің арқасында мүмкін болғанын айтқым келеді. Өкінішке орай, 2015 жылы толықтырулармен қайта қабылданған «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» ҚР Заңы аясында елімізде атқарылған іс-шаралар, осы қаржы мәселесінің оңтайлы шешімін таппауынан, яғни кіші-гірім несиелік құрлымдарға сілтеме жасау салдарынан аяқсыз қалды деп айтуға болады. Сондықтан да, бұл күрмеуі қиын болып отырған мәселенің оңтайлы шешу жолы аталған ауыл шаруашылығы кооперативтерін, бастапқыда мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік негізінде құру. Атап айтқанда, мемлекет тиімді жағдайда несиелеу (қаржыландыру) мәселесін, кооператив мүшелері өндіріс, қызметтер тиімділігін қамтамасыз етуді міндеттенсе және кооператив қызметтері толықтай қалыптасып, несие қайтарылған соң мемлекет өз өкілеттігін тоқтатуына да болады, демек, бұл іс-шараның ауылға берері аз болмас еді. (Әйтпесе, бүгінгідей аты бар, заты жоқ кооперативтермен жүре беретін түріміз бар).
Біздің жағдайда аталған ауыл шаруашылығы кооперативтері ауылдық елді мекен тірегіне айналып, «градообразующее предприятие», экологиялық таза мал шаруашылығы өнімдерінің көлемінің арытуына, ауылда жаңа жұмыс орындарының ашылуына, ауыл тұрғындары табыстылық деңгейінің көтерілуіне айтарлықтай ықпал етеді, сондай-ақ ауылдан қалаға қоныс аудару легіне де тосқауыл болар еді.
Жеке қосалқы, отбасы шаруашылықтарын кіші формадағы кәсіпкерлікке ауыстыру (трансформациялау) бойынша атқарылған іс-шара, шағын шаруашылық құрлымдарының ішкі мүмкіндіктері мен ынталылықтарының , елді мекендерге таяу аймақтардан қосымша жер телімдерін бөлу мүмкіндіктерінің шектеулігіне, мемлекет тарапынан әрбір шағын құрлым
үшін қомақты қаржылай көмектер көрсетудің мүмкін еместігіне байланысты, тиімсіздігімен ерекшеленеді.
Сондай-ақ, жайлымдық мал шаруашылығын дамытуда (развитие отгонного животноводства), кіші баламалы энергия көздерін (күн, жел қуаттары) пайдалану да, шалғай ауылдық аймақтарда қажетті әлеуметтік-өндірістік инфрақұрлымдық жүйенің қалыптаспауынан тиімді бола алмайтындығын айғақтады. Бұл орайда, бұрыннан өміршеңдігін дәлелдеген шалғай мал шаруашылығы өндірісін дамыту тәжірибесін (ауылдық аймақтарда бүгінге дейін кейбір жұрнақтары сақталған) , нарықтық тетіктермен толықтыра, мемлекеттік –жекеменшіктік әріптестік негізде ірі шаруашылық құрлымдарын ұйымдастыру тиімді болатын сияқты. Дамыған шет елдерде ауыл шаруашылығы өнімдерінің басым бөлігін иеленетін, ірі шаруашылық құрлымдары экономикалық тиімділігімен қоса, әлеуметтік-өндірістік инфрақұрлымдық жүйені қалыптастыру мүмкіндігімен де басымдылықты иеленеді екен.
Мысалы, мал өнімдерін тұтынушылар үшін, олардың қандай меншік иелігінде өндірілгендігі емес, яғни өнімдердің сапасы мен сатылу бағасы маңызды емес пе?! Демек, шалғай жайлымдықтарды пайдалану негізінде мал өнімдері көлемі еселеп артып, нарықта шынайы бәсекелестік қалыптасып, олардың сапалық көрсеткіштері жақсарып, бағалары да тұрақтана бастайды деген сөз.
Жоғарыда айтылғандай, екінші кезекте сапалы мал азағы қорын қалыптастыру мәселесі тұрады. Бұл мәселенің маңыздылығын екі бағытта: мал азығы құнарлылығы (нәрлігі) мен жайлымдық жерлерді пайдалану тиімділігі тұрғысында қарастырған жөн.
Мысалы, елімізде жайлымдық жерлердің басым бөлігін иеленіп жатқан Орталық Қазақстан өңірі мал азығында энергетикалық , нәруызды және көмірсутектік компонентер, минеральдық заттардың жетіспеушілігі орта есеппен 20-25% құрайды екен.
Осыған орай, бүгінде құнарлылығы жоғары, өзіндік құны төмен мал азығындық өсімдіктер бойынша ғылыми ізденіс жұмыстарының маңызы өте жоғары болып отыр. Атап айтқанда, Жезқазғкан өңірінде ғана өсетін табиғи шайыр өсімдігінің мал азығындық құндылықтарын анықтау бойынша ғылыми-тәжірибелік ізденіс жұмыстары барысында , одан дайындалған сүрлем, ұнынан түйіршекті (гранула) мал азықтары , сауын малдар мен жас төлдерді азықтандырғанда тиімділіктеріне көз жеткіздік. Сондай-ақ , шет елдік екпе шпинат-румикс өсімдігі сүрлемінің, кеңінен тараған жүгері сүрлемінен мал азығындық құнарлылығы бойынша еш қалыспайтындығын және өзіндік құнының айтарлықтай төмен болатындығын да тәжірибелік іс-шаралар аясында анықтадық. Жайлымдық жерлердің мал шаруашылығы өндірісіндегі тиімділігін арттыру мәселесі бойынша, Қарағанды облысы Шет ауданында Бүкіл әлемдік экологиялық қордың (АҚШ, Вашнигтон) грантымен атқарылған «Қуаң жерлерді игеру» жобасы аясындағы іс-шаралар нәтижелері туралы айтқым келеді. Жобаның басты мақсаты, жайлымдық -шабындық жерлердің мал азығындық және отандық мал тұқымдары құндылықтарын қайта қалпына келтіре мал шаруашылығы тиімділігін көтеру болды және бұл іс-шарамен ауданның 11 ауылдық округінің , 1,3 млн гектар жайлымдық жері қамтылды.
Атап айтқанда, жоба аумағындағы мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, жобаға қолдарында бар мүмкіндіктерін (жер, ғимараттар, өндірістік қондырғылар, ауыл шаруашылығы техникалары т.б.), қатыстыруды, грант иегері жобаны атқаруға қажетті жанар-жағар маймен, мал азығындық өсімдіктер тұқымдарымен т.б. қажетті материальдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуді міндеттенді. Гранттық қаржы есебінен, жер өңдейтін, тұқым егетін техникалар, тұқым тазалайтын, мал соятын модулді қондырғылар, зертхана құралдары, жел, күн күш-қызуы есебінен электр қуатын өндіретін станциялар сатып алынды.
Мал азығындық екпе шөп (еркек шөп) егістігі шығымы әр гектардан 9 центнерге жетті. Аталған жобаны игеруде мал шаруашылығындағы айтарлықтай жетістік - өнімділігі жоғары жайлымдық жерлер аумағын ұлғайту, кіші балама энергия көздерін пайдалана, мал бастарын елді мекендерден сыртқа шығару, мал азығын дайындау көлемін арттыру, жайлымдық жерлерді ғылыми-негізде ауыстыра пайдалану т.б. іс-шаралар арқасында мүмкін болды. Мысалы, төрт жылда жоба аумағындағы мал басы
бір жарым есеге, ет өндірісі екі есеге, мал азығы көлемі екі есеге, ал оны сыртқа сату 7 есеге артты.
Өкінішке орай, бұл халықаралық жоба белгісіз себептермен ақырына жетпей қалған сияқты. (Мен ол кезде басқа қызметке ауысқан болатынмын). Дегенмен де, бұл жоба, жиі қуаңшылық жағдайларға ұшырайтын ауыл шаруашылығы аймақтарында егін шаруашылығынан (дәнді дақылдар) отандық мал шаруашылығына ауысудың экологиялық, экономикалық та тиімділігін нақты дәлелдеп берді.
Демек, бұл деген еліміздің көптеген аймақтарында, әсіресе Орталық Қазақстан өңірінде аталған іс-шараларды « Мал шаруашылығына –мемлекеттік қолдау» бағдарламасы аясында жүйелі түрде атқарудың қажеттілігін көрсетсе керек.
Мал шаруашылығы саласына мемлекеттік көмек көрсету (субсидиялау) қай елдің де болмасын тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Мысалы, дамыған еуропа елдерінде оның көлемі экспорттық өнімдер өндіргенде еселеп арытады екен. (өзіндік құнының 70% дейін). Біздің елімізде де кейінгі кезде мал шаруашылығын субсидиялауға қомақты қаржы бөлініп келеді. Бірақта, субсидиялау тетіктерінің жетімсіздіктерінен тиімділігі төмен, шағын шаруашылық құрлымдары ( жалпы өнімнің басым бөлігін өндіреді) бұл мемлекеттік көмек түрін иелене алмайды., отандық өнімдер өндірушілер тарапынан жиі арыз-шағымдар айтылады. Субсидиялау іс-шарасының тиімділігін мал өнімдерін өндірушілердің бұл кәсіппен айналысуға ынталылығымен, ішкі нарықтағы мал өнімдері бағалары тұрақтылығымен байланыстыра қараған жөн сияқты. Жасыратыны жоқ, субсидиялық көмекті мал өсіріп, баққаны үшін берілетін сыйақы деп қабылдайтын жағдайлар да жиі кездеседі. Менің түсінігімде субсидиялаудың мақсаты өнімдер өндіру барысында, өнім өндірушілерге байланысты болмайтын негізсіз шығындарды жабу, яғни өндірілген өнімнің нормативтік өзіндік құны мен нарықта қалыптасқан баға арасындағы байланыстылықты реттеу негізінде (20% деңгейінде) өндіріс тиімділігін қалыптастыру болып табылады. Жоспарлы экономика кезінде (совхоздар жүйесінде) бұл көмек түрі алдын ала сарапталып, нормативтері анықталып, шаруашылықтарға «жоспарлы зиян» (плановые убытки) деген атпен дотация түрінде беріліп отырған және бұндай көмекті біріншіден барлық шаруашылық, екіншіден бірдей көлемде алған жоқ, демек бүгінде де солай болуы керек қой. Дегенмен де, бүгінде саны 3,5 млн. болатын тек қана шағын, жеке қосалқы, отбасы шаруашылықтарын қамтитын оңтайлы, тиімді субсидиялау жүйесін қалыптастыру іс-жүзінде мүмкін емес деп айтуға болады. Мысалы, осыдан да болар АҚШ елінде, шағын ауыл шаруашылығы құрлымдарына мемлекеттік субсидиялау тетіктері қарастырылмаған, есесіне олардың өндірістік саласы мемлекеттік бақылаудан, міндетті төлемдерден де толықтай босатылған. Бірақта біз бұндай іс-шараға бара
алмаймыз, себебі бізде керісінше шағын шаруашылық құрлымдары ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің басым бөлігін өндіріп отырғанда (АҚШ та саны 20% болатын ірі шаруашылық құрлымдары елдің ауыл шаруашылығы өнімдер өндірісінің басым бөлігін иеленеді) оларды мемлекеттік қолдаусыз қалдыру және міндетті төлемдерінен босату ел экономикасына елеулі кері әсерімен ерекшеленеді. Демек, барлық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді субсидиялық көмекпен тең дәрежеде қамтитын жүйені қалыптастырудың маңызы зор. Бұл орайда оңтайлы тетіктерді іздестіргенде, мал өнімдерінің өзіндік құндарының басым бөлігін (70%дейін) мал бастарын азықтандыру рационы құны құрайтындығы еріксіз ойға оралады, яғни мал шаруашылығы тиімділігінің басты индикаторы мал азығы құны көрсеткіші болып табылмай ма!? Демек, мал шаруашылығы саласын субсидиялауға қарастырылған қаражаттың басым бөлігін жайлымдық, шабындық жерлердің мал азығындық құндылығын жақсартуға бағыттау өздігінен сұранып тұрған мәселе емес пе!? Бұлай болса, субсидиялық қаражаттың басым бөлігін мал өнімдерін өндірушілерге ақшалай емес, орталықтандырылған жағдайда, аталған агротехникалық қызметтерді көрсету жолымен, аймақтарда шаруашылық құрлымдары орналасқан Республикалық кәсіпорын құру негізінде атқарудың да маңызылығы күман келтірмесе керек.
Қаржылай субсидиялау тек қана асыл тұқымды малдар сатып алуға және экспорттық өнімдер үшін сыйақы ретінде қарастырылғаны тиімді.
Бұл іс- шара қайтарымы атқарылған ауқымына сай еселенген мал өнімдері көлемінің артуымен, ішкі нарықта мал өнімдері бағаларының тұрақтануымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, ұсынылып отырған субсидиялау тәсілі, мал өнімдерін өндірушілердің барлығы үшін жетімді (доступный) және бұл мәселедегі жем-қорлық іс-әрекеттерге де тосқауыл болады, ең бастысы субсидиялық қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Дегенмен де, бұл іс-шараға қомақты қаржы қажет қой деген сұрақ туындауы да мүмкін. Бұған жауап, әлемдік тәжірибе, атап айтқанда, Норвегия мемлекетінде мүмкіншілік бар кезде, елдің басқадай әлеуетті экономикалық салалары міндетті төлемдері есебінен ауыл шаруашылығының маңызды іс-шараларын қомақты көлемде қаржыландыру арқылы, бүгінде ауыл шаруашылығын, әсіресе мал өнімдері өндірісін бәлендей субсидиялық көмексіз-ақ қарқынды дамытып отырғандығы деп айтар едім.
Маңыздылығы бойынша келесі атқарылар іс-шара ауылдық аймақтар жағдайына мейлінше бейімделген, ауыл шаруашылығы мал отарлары мен табындарын қалыптастыру болып табылады. Бұл іс-шараның мал шаруашылығы мәселесінде соңында болуы, елімізге шет елдерден әкелінген мал бастарының бүгінгі жағдайлары көрсетіп отырғандай, жоғарыда баяндалған үш мәселе реттемей, қандайда өнімді мал тұқымдарын өсіргенімізбен, олардан тиісті нәтижеге қол жеткізе алмайтындығымызға байланысты деп айтар едім
Өкінішке орай, «Қола бар алтынның қадірі жоқ» дегендей, отандық ғылымдарымыз шығарған жарты ғасырлық тарихы бар мал тұқымдары құндылықтарының бүгінде ескерусіз қалып, ұмыт бола бастауының өзі мал шаруашылығында айтарлықтай мүмкіндіктерді қолдан беріп, пайдалана алмай отырғанымыздың белгісі сияқты. Қоғам, мемлекет қайраткері, ғалым-ойшыл атамыз Алихан Бөкейханов осыдан бір ғасыр бұрын қазахи мал шаруашылығының ел экономикасындағы келешегін жоғары бағалап, нақты ұсыныстар да айтып кеткен болатын. Мысалы, кең-байтақ Орталық Қазақстан өңірінде (жайлымдық жерлердің, тау-кен қазба байлықтарының басым бөлігін иеленген) сүтті ірі қара шаруашылығында өсіруге ертеден бірден-бір тиімдісі де, қолайлысы отандық қырдың қызыл түұымды ірі қара малы болып есептеледі. Кезінде аталған өңірдің алдыңғы қатарлы шаруашылықтарында бұл мал тұқымының әр сауын мал басынан орта есеппен (жылына) майлылығы 3,7%, 4000-4500 кг сүт сауылған.
Етті ірі қара шаруашылығында аудандастырылған, -отандық қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малы болды. Бұл мал тұқымы аймақтың қатал табиғи ауа-райы жағдайына мейлінше бейімделген, жайлымдық мал азығымен толыққанды қоректенеді, өсімталдығымен, етінің жоғары сапалылығымен де ерекшеленеді. Кезінде, Қарағанды облысы, Шет ауданы Просторненский асыл тұқымды мал зауытында қазақтың ақбас тұқымды аналық, аталық малдары тірілей салмақтары мен төлдерінің тәуліктік салмақ қосу көрсеткіштері ССРО да одақтық рекордтық кітапта тіркелген. Сонымен қатар, қазақтың ақ бас тұқымды ірі қара малы шаруашылыққа пайдалы-белгілері бойынша шет елдік етті ірі қара мал тұқымдарынан (ангус, герефорд, ж.б..) қалыспайды, ал өміршеңдігі мен төзімділігі бойынша олардан басымдылығымен ерекшеленеді .
Отандық тәжірибе деректері сүтті ірі қара шаруашылығы есебінен ішкі нарықта ірі қара етіне сұранысты 80% дейін қамтамасыз етуге болатындығын көрсетеді. Сондықтан да соңғы кездерде мәрмәрлі (мраморлы) ірі қара етіне (еттің жұқа ет, май қабаттарынан қалыптасуы) сұраныстың артуына байланысты, етті ірі қара шаруашылықтары негізінен сапалылығы жоғары ірі қара етін өндіруге мамандандырылып келеді және осы орайда қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малы ерекше құндылығымен сипатталады.
Етті қой шаруашылығында қазақтың құйрықты қойларының алдына түсетін қой тұқымдары әлемде жоқ. Құйрықты қой тұқымдары жыл бойы жайлымдық мал азығын пайдаланып, қыс айларында қармен сусындап жүре береді, құрғақ, шөл, шөлейт аймақтар жағдайларына жақсы бейімделген, өміршеңдігімен, өсімталдығымен, жоғары ет түсімімен т.б. құнды қасиеттерімен ерекшеленеді. Құйрықты қой тұқымдары халықтық сұрыптаудан (народная селекция) пайда болған байырғы еділбай құйрықты қойынан бастау алады. Еділбай қойы ұзын мойынды, кең кеуделі, ұзын сыйрақты, салмақты, қара, қызғылт жүнді болып келеді, өкінішке орай бұндай қойлар бүгінде сирек кездеседі. Бұған көптен-көп, ертеректе құйрықты қой тұқымдары жүн түсін ағартамыз деген оймен жасалған
ғылыми-тәжірибелік жұмыстар кемістіктері себеп болды, бірақ кейінде бұл жағдай селекциялық жолмен қайта реттелді.
Сонымен қатар, соңғы кездерде қой еті майлы, құрамында «холестерин» жоғары, денсаулыққа зиян деген пікірлер жиі айтылады. Бұл жағдайды аталарымыз, ертеден білген ғой: «Қой еті қорғасын» деп жай айтпаса керек, бірақта, сол кездегі адамдар негізінен қой етімен тамақтанып , көбі 90 жастан кем жасамаған ғой. Меніңше ірі қойды қонаққа ғана сойып, негізінен қозы еттерін көп пайдаланған , қозы етінің сапалық, тағамдық, қорытылу қасиеттері жоғары, холестерин көрсеткіштері өте төмен болады
Елімізде табынды жылқы шаруашылығының алар орны ерекше. Кезінде кең байтақ жеріміздің сәні мен мәнін келтірген табынды жылқы шаруашылығын жабайы жылқы тектерінің көптеген құнды белгілерін сақтаған жабы жылқылары қалыптастырған. Жабы жылқысы жыл бойы жайлымдық жағдайға төзімді, қоңдылығын жоғалтпайтын, аталықтары үйір иелену қасиеттерімен де ерекшеленеді. Дегенмен, «Жабы шауып бәйге алмайды» дегендей, жабы жылқысы аласа, шағын дене бітімді, тиісінше шектеулі өнімділікте болған. Осыған орай, ұзақ мерзім жүргізілген селекциялық жұмыстардың арқасында Мұғалжар жылқы тұқымы, әрі қарай жалғастырылған іс-шаралардың арқасында, үш өңірлік, оның ішінде Орталық Қазақстандық «сарыарқа» түрі пайда болды.
Сарыарқа жылқылары Орталық Қазақстан аймағында жоғарғы тұқымдық, өнімділік көрсеткіштерімен сипатталады және өңірдегі жылқы малдары тұқымдық, өнімділік көрсеткіштерін жетілдіруге кеңінен қолданылады. Дегенмен де, отандық мал тұқымдары құндылықтарын баяндай келе, елімізге соңғы кездерде тасымалданған шетелдік жоғарғы өнімділіктегі мал тұқымдары туралы да айтпауға болмайды. Әрине, олардың тұқымдық, өнімділік құндылықтарына күман келтіру негізсіз болар, бірақта мәселе бұл іс-шаралардың біздің еліміз жағдайында қаншаға тиімді болғанында болса керек. Өкінішке орай, бұндай іс-шаралар ( Кеңес үкіметі кезінде) бұрында да атқарылып, бәлендей нәтиже бере қоймаған болатын. Демек, бүгінгі жағдайды да сараптай келе, бұған басты себеп, шет елдік мал бастарына тиісті азықтандыру, күтіп бағу жағдайларының қамтамасыз етілмеуі мен табиғи орта жағдайсыздықтары деп айтуға толықтай негіз бар, яғни осылардың салдарынан олардың басым бөлігінің жиі түрлі ауруларға шалдығуларынан немесе өнімділік көрсеткіштерінің күрт төмендеуінен шаруашылықта пайдалану мерзімдері айтарлықтай қысқарады. Қазақ атамыз, ертеде-ақ, бұндай жағдайды «Мал жерсінбеді» деп атаған ғой. Сондай-ақ, шетелдік сүтті ірі қара малдарына тиісті жағдайлар жасаған кейбір шарушылықтарда, сүт өнімінің өзіндік құны отандық мал тұқымдарымен салыстырғанда 30% дейін жоғары болды.
Осы орайда, мал бастарының жоғарғы өнімділігі, олардың жоғары тиімділігі бола бермейтіндігін де ескеру керек сияқты. Демек, жоғарыда аталған отандық мал тұқымдары құндылықтарын әлі де болса, қайта қалыптастыруға селекциялық мүмкіндіктердің бар кезінде, уақытты
оздырмай, бұл іс-шараны қолға алу кезек күттірмейтін мәселе деп айтар едім. Ең бастысы бұл жұмысты бүгінде қолда бар мал бастары есебінен, бәлендей шығынсыз-ақ атқаруға болады. Мәселе, тек қана, бұл іс-шараға нақты бетбұрыс жасауда деп ойлаймын.
Сөз соңында айтарым, жоғарыда баяндалған іс-шараларды кешенді атқару мал шаруашылығын қарқынды дамытуға, ауылда жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауылда тұрғындардың тұрақтануына, нәтижесінде рухани құндылықтарымыздың да қайта жаңғыруына қажетті жағдайлар қалыптастырады. Демек, атақты ақынымыз Мұқағали Мақатаев айтқандай: «Шекпен киген ата кәсіпті, шапан кигізіп келесі ұрпаққа қалдырсақ, бір міндеттің орындалғаны емес пе!?
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,
Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымы
академиясының корр. мүшесі К. Сарханов.
Сарханов Кәкімжан Ахмеджанұлы ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымы академиясының корр. мүшесі.
Ауылшаруашылығы өндірісі, мемлекеттік басқару, ғылым, жоғарғы білім беру салаларында ұзақ мерзім еңбек еткен. Жеті ғылыми кітаптың авторы, мал шаруашылығы, жер қатынастары, ауыл реформасы туралы 100 тарта мақалалары ресми ақпарат беттерінде, ғылыми жорналдарда жарияланған. «Орталық Қазақстанда мал шаруашылығы өнімділігін арттырудың ғылыми-тәжірибелік негіздемелері» атты тақырыпта авторлық куәліктің иегері.
АТА КӘСІП ОҢАЛМАЙ, АУЫЛ «КӨШІ» ТҮЗЕЛМЕЙДІ
Қай елдің де болмасын ауыл шаруашылығы саласының азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысында алар орны ерекше болып есептеледі. Осыдан да болар, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев тұңғыш халыққа жолдауында ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану негізінде мал шаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламасын жасау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Мен елімізде мал шаруашылығы саласының дамуын үш кезеңге бөлемін.
Бірінші - «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» дегендей, ата-бабаларымыз көшіп, қонып жүріп мал шаруашылығы кәсібінің арқасында кең байтақ жерімізді, тілімізді, дінімізді қорғай, ерекше құндылықтары жетерлік ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарымыздың да негізін қалыптастырды. Мысалы, бүгінде ұлттық брендімізге айналған, басқалар тамсана қызығатын, мал өнімдерінің түрлі ұлттық тағамдарының өзі неге тұрады.
Абылай хан бабамыз да: «Қазағыма мал емуді үйретіп, жер емуді үйрете алмадым» деп жай айтпаса керек, яғни бұл да сонау ерте кезден бабаларымыздың мал шаруашылығын заманына сай машықтана меңгергенін көрсетсе керек. «Малдың жайын баққан біледі» дегендей, ол кезде ата-бабаларымыз малдың обалына да қарап күтіп баққан, сондай-ақ, өнімділігін арттыруда, түрлі аурулардан емдеуде, қоңдылығын анықтауда, кейінде ғылыми тұрғыда да қолдау тапқан озық тәжірибелер мен кәсіби біліктіліктің қыры мен сырын ғажап игерген ғой.
Менің бұл жәйттерге арнайы тоқталу себебім, басқа салаларға қарағанда мал шаруашылығының даму деңгейі бірінше кезекте мал бастарының табиғи талғамдарының қанағаттандырылуына байланысты болатындығын ескерту, өкінішке орай бұл жағдай бүгінде ескеріле бермейді. Сонымен бұл заман елімізде мал шаруашылығының ата кәсіпке айналу кезеңі болды десек, уақытына сай жетістіктерімен ерекшеленді деп айтуға болады.
Екінші - кешегі Кеңес дәуірінде ата кәсіптің заманауи, ғылыми- өндірістік жетістіктермен, озық технологиялармен толықтырылу сатысы болды деп айтуға болады. Соның айғағы, еліміз ССРО құрамында ауыл шаруашылығы саласы бойынша Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды тұрақты иеленді. Ауылдық аймақтар ерекшеліктеріне сай келетін көптеген құнды мал тұқымдары шығарылды. Мал бастары мен өнімділік көрсеткіштері еселеп артты, ауылдың әлеуметтік-өндірістік инфрақұрлымдық жүйелері айтарлықтай жетілдірілді, мал шаруіашылығы өндірісін индустриаландыру бағытында ауқымды іс-шаралар атқарылды. Дегенмен де, қоғам дамиды, талғамдар өзгереді, әр нәрсе өз кезінде дегендей, кейінгі кезде ауыл реформасының қажеттілігі анық сезіле бастады. Сондықтан да, жаhандық үдеріске де сай, мемлекеттік шаруашылықтар (совхоздар) жекешелендіріліп, мал-мүліктері ауыл тұрғындарына, келешек жеке шаруашылықтарын ұйымдастыру үшін тиісінше тегін, еңбекте еркіндік берілді, азық-түлік нарығында бәсекелестікке жол ашылды. Мемлекет тарапынанбұрынғы қарыздар жойылды, салықтық, несиелік жеңілдіктер қарастырылды, субсидилау ауқымы артты. Шет елдерден асыл тұқымды мал бастары тасымалданды. «Жер кодексі», «Ауыл
шаруашылығы кооперативтері», «Асыл тұқымды малдар» туралы ҚР заңдары қабылданды, яғни еліміздің мал шаруашылығының нарықтық экономикаға бейімделуіне қажетті жағдайлар жасалды. Осы іс-шаралардың арқасында ішкі азық түлік нарығы мал өнімдерімен
айтарлықтай толықты. Дегенмен де, отандық мал өнімдері көлемінің төмендігі мен бағаларының тұрақсыздығына байланысты (жиі көтерілуі) елімізде мал шаруашылығы саласын тиісті деңгейде дамып келеді деп айтуға болмайды. Бұл бағытта жүргізілген сараптау жұмыстары бүгінде еліміздің мал шаруашылығыда қалыптасқан негізгі проблемаларды ашып бергендей болды, яғни маңыздылығына сай айтар болсақ,олар: шаруашылық жүргізу жүйесіндегі жетімсіздік, мал азығы қорының сандық, сапалық және субсидиялау тетіктеріндегі кемістіктер, сондай-ақ, мал бастары өнімділіктерін жетілдірудегі жүйесіздік.
Демек, ғылыми-өндірістік ізденіс жұмыстарымның аясында, жоғарыда аталған проблемалардың шешу жолдары туралы баяндауды мақсат еттім.
Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің басым бөлігін өндіретін жеке қосалқы, отбасы шаруашылықтары (әрі қарай ЖҚШ, ОШ) мен шалғай жайлымдықтарды игеру тиімділіктерін арттыру бағыттарында ғылыми-ізденіс жұмыстары Ақмала, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары ауылдық аймақтарында, ауыл тұрғындарымен пікір алмасу, сауалнама жасау, жекелеген шаруашылықтардың (келісімімен) өндірістік-экономикалық жағдайларын сараптау тәсілдерімен жүргізілді. Бұл іс-шаралар ЖҚШ,ОШ дамыту үшін басты екі проблеманың бар екенін көрсетті, олар: мал өнімдерін пұлдап өткізудегі және мал азығы қорының жетімсіздігі мен сатып алу бағасының қымбаттығын байланысты қиындықтар болды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары, әр ауылдық елді мекеннің, бұрыннан қалыптасқан кәсіптерімен айналысуларының тиімділіктері туралы да айтты.
Сонымен, аталған ауылдық аймақтардың әр өңірінен үш ауылдық округтер аумағында жеке қосалқы, отбасы шаруашылықтары негізінде құрылмақшы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің үлгісін жасалды және бір ЖҚШ негізінде кіші кәсіпкерлікке ауыстыру (трансформациялау), сондай-ақ, шағын балама энергия көздерін (күн, жел қуаттары) пайдалану, яғни «Отқанжар» ЖШС қанатқақты жобасы негізінде шалғай мал жайлымдықтарын пайдалану тиімділіктері мен бұл іс-шаралардың болжамдық шаруашылық көрсеткіштері де зерттелді.
Атап айтқанда, шағын, жеке қосалқы, отбасы шаруашылықтары негізіндегі ауыл шаруашылығы кооперативтері мүшелерінің өндіріс құралдарына, мал-мүліктеріне, жерлеріне меншіктік құқығын сақталады, яғни олар өндірген өнімдерін өткізуде, мал азығын дайындауда, материалдық-техникалық жабдықталуда, мал бастары өнімділіктерін жетілдіруде бірігіп іс-қимылдар атқаруы қарастырылған.
Сонымен, орта есеппен бір ауылдық округ аумағында ауыл шаруашылығы кооперативінің қалыптасуы кезеңі үшін, (2017 жылғы тенге құндылығымен) 250-350 млн. тенге қаражат қажет, болжамдық шаруашылық тиімділігі 25-40% болды,и несие қайтарымы 3-5 жыл. Дегенмен
де бүгінге дейін, 2015 жылы толықтырулармен қайта қабылданған «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» ҚР Заңы аясында, бұл маңызды іс-шара аталған қаржы мәселесінің оңтайлы шешімін таппауынан, яғни кіші-гірім несиелік құрлымдарға сілтеме жасау салдарынан аяқсыз қалып отыр. Сондықтан да, бұл күрмеуі қиын болып отырған сұрақтың шешу жолы аталған ауыл шаруашылығы кооперативтерін, бастапқыда мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік негізінде құру қажеттілігі деп айтар едім. Атап айтқанда, мемлекет тиімді жағдайда несиелеуді (қаржыландыру), кооператив өндіріс, қызметтер тиімділігін қамтамасыз етуді міндеттенсе бұл іс-шараның берері аз болмас еді. Кооператив қызметтері толықтай қалыптасып, несие қайтарылған соң мемлекет қажет болған жағдайда бұл істе өз өкілеттігін тоқтата алады. (Әйтпесе, бүгінгідей аты бар, заты жоқ кооперативтермен жүре беретін түріміз бар).
Біздің жағдайда аталған ауыл шаруашылығы кооперативтері ауылдық елді мекен тірегіне айналып, «градообразующее предприятие», экологиялық таза мал өнімдерінің көлемінің арытуына, ауылда жаңа жұмыс орындарының ашылуына, ауыл тұрғындары табыстылық деңгейінің жақсаруына, ауылдан қалаға көші-қон легінің тежелуіне де айтарлықтай оң ықпал етер еді. Бұл орайда, қоғам, мемлекет қайраткері, дана бабамыз Алихан Бөкейханның осыдан бір ғасыр бұрын кооперативтік жүйенің мал шаруашылығындағы аса маңыздылығын болжап айтқан сөздері еріксіз еске түседі.
Жеке қосалқы, отбасы шаруашылықтарын кіші кәсіпкерлік дәрежесіне трансформациялау және шалғай жайлымдықтарды кіші шаруашылық құрлымдары есебінен игеру іс-шаралары, тиісінше: олардың материальдық-техникалық, қосымша жер телімдерін беру мүмкіндіктерінің шектеулілігіне , шалғай жайлымдықтардағы әлеуметтік- өндірістік инфрақұрлымдар жүйесінің жетімсіздіктеріне байланысты тиімсіздіктерімен ерекшеленді.
Дегенмен де бұл іс-шаралар, мал шаруашылығының негізгі өркендеу көзі, шалғай жайлымдықтарды пайдалануда ірі шаруашылық құрлымдарын құру қажеттілігін айқындап берді.
Жоғарыда айтылғандай, екінші кезекте жетімді, сапалы да мал азағы қорын қалыптастыру мәселесі тұрады.
Осыған орай, Жезқазғкан өңірінде ғана өсетін табиғи шайыр және шетелдік, көпжылдық шпинат-румекс (дәстүрлі емес) өсімдіктерінің мал азығындық құндылықтарын сүрлем және ұнтақталып, түйіршіктелген мал азығы түрінде мал бастарын азықтандыру арқылы зерттелді. Нәтижесінде, әсіресе ірі қара жас төлдерін (2-4 айлық) түйіршіктелген шайыр мал азығымен азықтандыру, олардың өсіп-жетілуіне , өміршеңділігіне оң әсер етті, ал шпинат-румекс өсімдігінен дайындалған сүрлем құнарлылығы , кең тараған жүгері сүрлемінен кем түспеді, өзіндік құны одан 30% дейін төмен болды. Сонымен бұл іс-шаралар, нарықтық жағдайда келешекте де маңыздылығымен ерекшеленетінін көрсетті. Дегенмен де, бұл бағытта еліміздің басым бөлігін алып жатқан жайлымдық жерлердің мал азығындық құндылығын арттыру негізгі мәселе болса керек. Осыған орай, Қарағанды облысы Шет ауданында Бүкіл әлемдік экологиялық қордың (АҚШ, Вашнигтон) грантымен «Қуаң жерлерді игеру» жобасы атқарылды. Атап айтқанда, жайлымдық -шабындық жерлердің, отандық мал тұқымдары құндылықтарын қайта қалпына келтіру іс-шаралармен ауданның 11 ауылдық округінің 1,3 млн гектар жайлымдық жері қамтылды.
Мал азығындық екпе шөп (еркек шөп) егу жұмыстары шабындық жерлер өнімділігін гектарынан 9 центнергедейін көтерді. жетті, жоба аумағында 4 жылда мал басы бір жарым,ет өндірісі мен мал азығын дайындау- есеге артты
Сонымен бұл жоба, қуаң ауыл шаруашылығы аймақтарында егін шаруашылығынан (дәнді дақылдар) мал шаруашылығына ауысудың экологиялық, экономикалық та тиімділігін нақты дәлелдеп берді.
Демек, бұл іс-шара, әсіресе Орталық Қазақстан өңірлері бойынша, оны кезегімен «Мал шаруашылығына –мемлекеттік қолдау» бағдарламасы аясында жүйелі түрде атқарудың тиімділігін көрсетсе керек.
Мал шаруашылығы саласына мемлекеттік көмек көрсету (субсидиялау) қай елдің де болмасын тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Дегенмен де, біздің елімізде оның көлемі тұрақты артып, жетілдіріліп келе жатқанымен тиімділігі төмен, жалпыға бірдей өтімді (доступность) емес, еңбек өнімділігі мен мал өсіру тиімділігін арттыруда, мал өнімдері бағаларын ішкі нарықта тұрақтандыруға бәлендей әсер ете алмай келеді. Осыған орай, мал өнімдерінің өзіндік құнының басым бөлігін (70% дейін) мал азығы нарқы құрайтындығын ескерсек, субсидияның басым бөлігін неге мал азығы құнын төмендетуге жұмсамасқа, яғни жайлымдық-шабындық жерлер мал азығындық құндылығын арттыруға, мемлекеттік қызмет түрінде пайдаланбасқа деген орынды пікір туындайды. Егерде, бұл іс-шараны орталықтандырылған жүйеде, өңірлерде шаруашылық құрлымдары бар, республикалық деңгейде мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорын
арқылы атқарса, тиімділігі еш күман келтірмес еді. Бұл орайда, облыстарда шаруашылық құрлымдары (ДЭУ) «Казақ автокөлік жолы» кәсіпорнының іс-тәжірибесін мысалға келтіруге болады. Ал, қаржылау субциялау жүйесін, құнды мал бастарын сатып алуға жеңілдік, сыртқа (экспорт) өнім сатқанқанда сыйақы жасау үшін ғана қолданған жөн.
Бұл, ұсыныс субсидиялау мәселесінде барлық мал өнімдерін өндірушілер үшін жетімділікті (доступность), жемқорлық іс-әрекеттерге тосқауыл қоюды, азық-түлік нарығында әділ бәсекелестікті қалыптастырады.
Маңыздылығы бойынша келесі проблема ауылдық аймақтар жағдайына бейімделген, өсіру тиімділігі мейлінше жоғары ауыл шаруашылығы мал отарлары мен табындарын қалыптастыру болып табылады. Жасыратыны жоқ, ауыл реформасы аясында отандық малдар құндылықтарын ескермей, шет елдік мал тұқымдарына тым еліктеушіліктен бүгінде бұл салада біраз мүмкіндіктерді жіберіп алған сияқтымық. Осы орайда мен айтар едім, бұл үшінші кезеңдегі басты қателік, өткен екі кезеңдегі мал шаруашцылығы тәжірибелері ерекшеліктеріне мән бермей, бұл салаға тыңнан жол салып, дайын шет елдік малдарды өсіру арқылы тез арада ғажап жетістіктерге жетеміз деушілік болды. Мысалы, шет елден жоғарғы өнімділіктегі мал бастарын тасымалдау іс-шарасы Кеңес үкіметі кезінде де атқарылды, ойлағандай нәтиже бермеді, кейінде де қайталанған бұл іс-шара нәтижелерін де сараптай, әсіресе қатал табиғи ауа-райы жағдайларымен ерекшеленетін, Орталық Қазақстан өңірлері үшін тиімсіз деп айтуға толық негіз бар. Бұған басты себеп, еліміздің басым бөлігінде шетелдік мал бастары талғамдарына сай, тиісті азықтандыру, күтіп, бағу мүмкіндіктерінің шектеулілігі, яғни олардың инфекциялық ауруларға шалдығу, өнімділіктерін күрт төмендету фактілері жиі орын алды, салдарынан шаруашылықта пайдалану мерзімдері екі-үш есеге дейін қысқарды.
Сонымен қатар, шет елдік мал бастарына тиісті жағдайлар жасаған, санаулы шаруашылықтардыңөзінде, өнімділіктері жоғары болған мен мал өнімдері өзіндік құндары, отандық мал тұқымдарымен салыстырғанда 30% дейін жоғары болды. Демек, еліміздің шөл-шөлейт аймақтарына бейімделген отандық сүтті - қырдың қызыл, етті - қазақтың ақбас ірі қара, қойдың-құйрықты етті- майлы, жылқының - мұғалжар (сарыарқа өңірлік түрі) тұқымдары, шетелдік аналогтарына қарағанда өміршеңдік, төзімділік қасиеттері мен азықтандыру, бағып-күту жағдайларына талғамдарының төмендігі есебінен өсіру тиімділігі жоғары болып отыр. Сондықтан да, мал бастарының жоғары (рекордтты) өнімділігі, олардың өсіру тиімділігін көрсее бермейді, яғни бұл жердегі басты мақсат мал басы өнімділігі мен өсіру тиімділігі арасындағы жоғары да ортұрақты оң байланыстылықты қалыптастыру болып табылады. Демек, уақытты оздырмай, әлі де отандық мал тұқымдары құндылықтарын қайта қалпына келтіру мен жетілдіру мүмкіндіктері бар кезде, бұл іс-шараны қолға алу кезек күттірмейтін мәселе деп айтар едім.
Сөз соңында айтарым, жоғарыда баяндалған іс-шараларды кешенді, ретімен атқару еліміздің мал шаруашылығын қарқынды дамытуға, ауылда жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауыл тұрғындарының материалдық жағдайларының жақсартуға, ауылдан қалаға көші-қон легінің тежелуіне айтарлықтай ықпал етер еді.
Қайткенде де, ата кәсіпті, келесі ұрпаққа қалдыру біздерге ата-бабаларымыздан қалған аманат та емес пе!?
К. Сарханов,Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,
Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымы
академиясының корр. мүшесі