Назарбаев «ҚазМұнайГазды» қайта құруды тапсырды
2020 ж. 05 маусым
1555
0
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» компаниясын қайта құрып, құрамындағы компанияларды бөлек шығару ұсынысын қолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазМұнайГаз» құрамындағы «ҚазТрансГаз» бен «ҚазТрансОйл» компанияларын «Самұрық-Қазынаның» еншілес компаниялары ретінде бөлу жолымен қайта құру ұсынысын қолдаймын. Бұл «ҚазМұнайГаздың» басты жұмысына – мұнайды барлау, қазу және қайта өңдеуге көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Ал көліктік компаниялар транспорттық маршрутты әртараптандыруға жағдай жасайды. Қордың басшылығына осы мәселені тез арада қарап, шешім қабылдауға тапсырма беремін», - - деді Н. Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысында.
Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жұмысына баға берген еді.